Күзетшілердің шытырман тіршілігі
Күзетшілердің шытырман тіршілігі

Күзетшілердің шытырман тіршілігі

Views: 118

Ел президентінің оққағарлары біркелкі топ емес. Мысалы, Астананың «Самал» ықшам ауданында көршілес тұратын Әнуар Садықұлов пен Вячеслав Шалапинин әл-ауқатты адамдардың санатына жатпайды. Керісінше, Ермек Үкібаев пен Амангелді Шабдарбаев президентке етене жақын болып, керемет байып кетті. Айтпақшы, В. Шалапинин кейбір дерек көздерінің хабарлауынша, 2003 жылы Түркияда орыс туристтерінің соққысына жығылған көрінеді. Ал, бәзбіреулердің айтуынша, Алматы қаласының жанындағы елді мекенде Ә. Садықұловтың әке-шешесі А. Шабдарбаевтың әке-шешесімен іргелес тұрған. Әрине, баяғы заманнан келе жатқан осындай достастық мансапқор үшін игі әсерін келтірер.

Сол жақта: Әнуар Садықұлов. Оң жақта: Вячеслав Шалапинин.
Үзеңгілес достар – Ә. Садықұлов пен В. Шалапинин.

Қазіргі таңда, ел президентінің оққағарлары Ресейдің Федералдық күзет қызметінің (ФСО) құзырындағы қызметкерлер. Қазақстан Мемлекеттік күзет қызметіне жаңадан алынатын қызметкерлер Мәскеудің мақұлдауын алуға тиіс. Өйткені, Еуразиялық экономикалық одағының шеңберінде, республикамыздың қауіпсіздік орындары да Кремльдің қадағалауындағы құрылымдар болып табылады. Владимир Путин мен Дмитрий Медведев секілді ірі саясаткерлердің бейқам өмірін қамтамасыз ету үшін, сезікті азиат күзетшілерін мұқиятты түрде тексеру керек. Бүгінгі СОП-тың дәрежесі орыс отарлары Абхазия мен Татарстан оққағарларының деңгейінен сәл ғана артық.

Алматыдағы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысынан төмендеу орналасқан СОП-тың бұрынғы штаб-пәтері.
Алматыдағы Желтоқсан мен Сәтбаев көшелерінің қиылысынан төмендеу орналасқан СОП-тың бұрынғы штаб-пәтері.
Likes(0)Dislikes(0)
118 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply