Мағжан Жұмабаев. «Таңдамалы»

1992 жылы, ұлы ақынның Алматы қаласының «Ғылым» баспасында жарық көрген жинағын осы сілтеме арқылы жүктеп аласыздар.

Ұлы ақын Мағжан Жұмабаев.

Қасіретті сыршылдығы орыстың дана шайыры Сергей Есенинмен пара-пар түсетін Мағжан Жұмабаевтың (1893-1938) құдіретті шығармашылығы бүгінгі мәселелермен де үндестік табуда. Бірінші әлем соғысының басында, қазақ әдебиетінің классигі көне түркі тарихы мен рухани негіздерін әспеттеді: «Әлпіге барғам Алтайдан. Балқанға барғам Қытайдан… Жерде жалғыз тәңірі — от, Оттан басқа тәңірі жоқ». Көрдіңіз бе, оның жасампаздығында араб-ебрей ертегілерің сарыны атымен де жоқ. Оның дәл осы жалынды жолдары, қазіргі тақуа жазғыштарға айтылған ескертуі іспеттес.

1916 жылы, «Дін үйреткенге» өлеңінде Мағжан атеист ретінде тағы да нанғыштардың енжарлығын сынға алды: «Ойламай қорқақ құлдың тіліне еріп, Жай жатып, тәуекелге тізгін беріп, Мінекей, айырылдық қой бақтан, тақтан!» 1922 жылы, Орынбор қаласында бастырылған «Педагогика» зерттеуінде болашақ ұрпағына қалдырды ғой ағалық өсиетін: «Қазақтың кейінгі буын балалары! Хайуан құлықты надан молдалар заманында тумағаныңа қанша шүкірлік қылсаң да аз». Жазушы атамыздың ақыл-кеңесіне лайық болғай, ағайын. Оның қаламгерлік, психологиялық еңбегін жалғау үшін атеист идеяларын дәл мен табиғи ғылымдардың белестеріне асқақтауға тиіспіз.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
47 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.