Мегапиксельдің көзбояушылығы


Жаңа
бейнекамераларды сатқанда, жарнама берушілер мегапиксель деген көрсеткішті ерекше сөз етуде. Аңғал сатып алушылар мегапиксель көрсеткішіне айрықша мән беруде. Бәлкім, он төрт мегапиксель бар камерасы
жеті мегапиксель камерадан екі есе артық деп ойлауда. http://kenrockwell.com/tech/mpmyth.htm мекенжайында орналасқан мақала мегапиксельдің
көзбояушылығына қатысты көп жағдайларды аңғартады. Алайда, осы көрсеткіш фотосурет сапасының негізгі дәлелі емес. Өйткені, мегапиксель жай ғана «суреттің миллион элементтер» деп аударалады. Мысалы,
үш мегапиксель камерасында
2,048 …

Views: 0

Жаңа бейнекамераларды сатқанда, жарнама берушілері мегапиксель көрсеткішін ерекше сөз етуде. Аңғал сатып алушылар мегапиксель көрсеткішіне айрықша мән беруде. Бәлкім, он төрт мегапиксель бар камера жеті мегапиксель камерадан екі есе артық деп ойлауда. Осы мекенжайда орналасқан мақала мегапиксельдің көзбояушылығына қатысты көп жағдайларды аңғартады. Алайда, осы көрсеткіш фотосурет сапасының негізгі дәлелі емес. Өйткені, мегапиксель жай ғана «суреттің миллион элементтері» деп аударалады. Мысалы, үш мегапиксель камерасында 2,048 (көлденең) x 1,536 (тік) пиксельдер бар немесе 3,145,728 пиксельдер. Сіздер пиксельдің санын еке есе (200%-ке) үлкейтсеңіз, суреттің сызықтық өлшемі (linear dimensions) 40%-ке ғана ұлғаяды. Нағыз айырмашылықты сезу үшін, мегапиксельдің саны төрт есе үлкейту қажет. Әрине, бес мегапиксель мен жиырма мегапиксель камералардың сипаттары бірден көзге түседі.

Екі қоян және екі сәбіз.

Әуесқой фотографтың суреттері буалдыр, сүреңсіз. Кәсіби фотографтың туындылары техникалық шеберлік пен көркем талғам арқылы ерекшеленеді. Фотоөнерге икемділікті мен бай тәжірибені су жаңа құрал-жабдық та ауыстыра алмас. Джо Холмстың аса қымбат фотосуреттері алты мегапиксель камерамен түсірілген. Оған қоса, табиғат немесе аспанды суретке түсіргенде, цифрлық камералардың сапасы фототаспа камералардың мүмкіншіліктерінен әлдеқайда төмен. Мәселен, кәсіби деңгейдегі фототаспа камерасының сапасымен тең түсуі үшін, әзірше пайдаланыста жоқ 500 (бес жүз!!!) мегапиксель бар цифрлық камераны пайдалану керек. Сонымен, ұмытылмас мезеттер бейнелерін сақтайтын техниканы таңдағанда, алдамшы көрсеткіштерге еліктемеңіздер. Кітапты таңдағанда қалың том-томдарды шығарған графоман Лев Троцкийдің өнімін алмайсыздар, жұқалаң Абай мен Конфуцийдің керім туындыларын сатып аласыздар.

Likes(0)Dislikes(0)
9 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply