Мәдениетсіз дипломаттардың империяшыл көзқарастары

Әлем тілдердің арасында аса әдемі, сөз қорының байлығымен көзге түсетін украин тілінің орны ерекше. Оның
халық әндері, Тарас Шевченко мен Иван Франконың классикалық шығармалары өркениетті елдердің алтын қорына енген інжу-маржандар. Қазақ тілінің де қарқыны едәуір. Дастан-аңыздарымыз, Абай мен Мағжанның
ғажайып өлеңдері де адамзаттың керемет жасампаздық үлгілердің қатарынан табылады. Алайда, солтүстік көршімізді билеп-төстеген надан ұлықтардың пайымдауынша, дипломатия істерін жүргізу үшін украин мен
қазақ тілдері лайықты құралдар емес.

www.europarl.europa.eu

 

Print Friendly, PDF & Email

Әлем тілдерінің арасында аса әдемі, сөз қорының байлығымен көзге түсетін украин тілінің орны ерекше. Оның халық әндері, Тарас Шевченко мен Иван Франконың классикалық шығармалары өркениетті елдердің алтын қорына енген інжу-маржандар. Қазақ тілінің де қарқыны едәуір. Дастан-аңыздарымыз, Абай мен Мағжанның ғажайып өлеңдері де адамзаттың керемет жасампаздық үлгілерінің қатарынан табылады. Алайда, солтүстік көршімізді билеп-төстеген надан ұлықтардың пайымдауынша, дипломатия істерін жүргізу үшін украин мен қазақ тілдері лайықты құралдар емес.

Түрлі нәсілдердің өкілдері.

Тіл саласындағы ресейліктердің арам пиғылының дәлелі ретінде РФ-тың Украина мен Қазақстандағы елшіліктерінің сайттарын келтіруге тура келеді. Украин мен қазақ тілдерінде бір ауыз сөз жоқ. Тіпті, ағылшын деген халықаралық тілдегі жазбалар жасалмаған. Чекист жендеттерінің томаға-тұйық көзқарастарына негізделген орыс ұлтшылдығының сүреңсіз түрі осындай. Ресей империясының озбыр тіл саясатының мұрагерлері ретінде қазіргі Ресей Федерациясының жетекшілері жиырма бірінші ғасырдағы он тоғызыншы ғасырдың кертартпа ұғымдарын пайдалануда.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
12 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.