Мәмбетәлин кімді серік еткен?
Мәмбетәлин кімді серік еткен?

Мәмбетәлин кімді серік еткен?

Views: 46

Бой десе бойы бар, ой десе ойы бар саясаткер Серікжан Мәмбетәлин патриоттық шешен сөзімен көптеген қазақтарға таныс кейіпкерлердің бірі. Эколог ретінде, улы гептилге қарсы жорық жасауға әзір Секең. Ұлтжанды публицист ретінде, колорад таспасын киген кірмелерді ащы сынға алуда. Бірақ, сөз жүзінде батырсынған саясаткердің тоқ етер істері — жоқтың қасы.

Ресей саясатын еркелетіп сынайтын Серікжан - орыс бизнесінің сенімді әріптесі.
Ресей саясатын еркелетіп сынайтын Серікжан – орыс бизнесінің сенімді әріптесі.

Ақтөбелік ауқатты дәрігерлердің отбасында дүниеге келген С. Мәмбетәлин әке-шешесінің жолын қуған. Жастайынан оңай табысқа дағдыланған жігіт, көп ұзамай күрделі медициналық қызметпен қош айтысып, ұлттық қауіпсіздік комитеті ұсынған «май шелпегін» игеруіне кірісті. Қарапайым адамдарға ешбір пайдасы жоқ Әлем банкінің экологиялық жобаларын қадағалады. Бағалары қымбат, хаттары мен бандерольдері шабан жүретін «Қазпошта» төрағасының орынбасары ретінде мол қаржы-қаражатты иеленді. Оның туған інісі, Әлихан, кеден қызметінің полковнигі, «Атамекен» ұлттық экономикалық палата басқарма төрағасының бірінші орынбасары ретінде ақшаны өкіртіп алуда. Сондықтан, оның өтірік оппозиционерлігі көзге ұрып тұр.

Мәмбетәлин тобымен тепе-тең келетін Тайжан әулетін тілге тиек етуге тиіспіз. Марқұм Болатхан Тайжан ұлттық қауіпсіздік комитетінің тыңшысы ретінде дипломатиялық қызметте жүрген. «Картье» (Cartier) тәріздес удай қымбат сағатын таққан. Әрине, бұндай зергерлік бұйымды сатып алуға таза мемлекеттік қызметкер немесе шынайы оппозиционердің шамасы келмейді. Оның қызы, Үміт Шаяхметова, «Халық банкінің» басқарма төрайымы ретінде халқымызды қанауда. Нағыз оппозиционердің қызын банкінің төрайымы түгіл, қатардағы кассирдің орнына жолатпас еді. Болатханның ұлы, Мұхтар, жалған оппозиционерлердің бірі. Ол да, С. Мәмбетәлин секілді қысыр кеңеске әуес кейіпкер. Шіріген бай болса да, нақты саяси күреске бірде-бір тиынын қимайды. Олардың рухани ағалары, Мұхтар Шаханов пен Жармахан Тұяқбай, көптеген жылдар бойы түкте бітірмей даңғаза ұрандарымен ғана шектеледі.

Солдан оңға қарай: Тимур Бекмамбетов, Серікжан Мәмбетәлин мен Майк Тайсон.
Мәмбетәлиннің сатанист сәлемі.

Марксизм-ленинизм классиктерінің айтуынша, тәжірибе ғана шындықты растайды. Сондықтан, шынайы оппозиционерлердің парқын жалт-жұлт еткен тартымды сөздер анықтамайды. Нағыз күрескерлер іспен тексеріледі. Сүттен ақ, судан таза болмаса да, талай рет адасып кетсе де Мұхтар Әбіләзов, Рахат Әлиев, Ғалымжан Жақиянов немесе Владимир Козлов іспеттес қайраткерлер өздерінің батыл қимылдары арқылы халықаралық дәрежедегі саясаткерлерге айналды.

Likes(0)Dislikes(0)
46 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply