Былтыр, аса бай қазақстандық армян Евгений Ёжиков-Бабаханов (1942-2023) дүниеден озды. Әлгі құрылысшы Дінмұхамед Қонаев, Нұрсұлтан Назарбаев пен Нұртай Әбіқаев секілді мықты саясаткерлердің жан досы болды. Өз кезегінде, марқұмның туған баласы Кирилл де оңай шағылатын жаңғақ емес. Заңгерлік дипломы бар К.Е. Ёжиков-Бабаханов “Ронекс Секьюрити Компани” ЖШС күзет компаниясына иелік етеді. Қайтыс болған Е.Г. Ёжиков-Бабахановтың немересі Евгений Испанияда жайбарақат өмір сүруде. Байлыққа кенелген армян отбасы қазақтың қатаңдау аты-жөні ауыстыру жөніндегі заңнамасын да пысқырмайды.
Мысалы, 2010 жылғы қорытынды бойынша Кирилл пысықайымыз “Ёжиков-Бабаханов” тегін ресми түрде пайдаланып жүрді. Осы жағдайдың дәлелі ретінде, сол жылдың “Монтажспецстрой” компаниясы қожайындарының тізімінен үзіндісін ортаға салуға рұқсат етіңіздер. Алайда, біраздан соң әкесінің күрделі, интернационалдық фамилиясын шығыс мәнерге өзгертуге ынтасын танытқан Кирилл нәтижесінде “Бабаханов” боп шықты.
Ыңғайшыл кәсіпкердің түпкі мақсаты тайға таңба басқандай көрініп тұр. Баяғы заманда, оның атасы — Тбилиси армяны Георгий Бабаханов орыстарға жағу үшін біршама славянша естілетін “Бабаханов-Ёжиков” фамилиясын ресми түрде қабылдады. Енді, шамалы уақыт талаптарына сай өзінің аты-жөнін бейімдеуге тырысқан Кирилл ата-бабаларының ыңғайшыл дәстүрін жаңғыртып, жаңа Қазақстанның ызғарлы лебіне орай күрделі, интернационалдық тегін қайтадан өзгертті. Көрдіңіздер ме, ұлттық қауіпсіздік комитеті қапқаздық көкелерінің аузы қисық болса да, жүндес ағайындардың әмірі жүруде. Сайып келгенде, ауқатты әулеттің өкілдері өз қалауы бойынша “Бабаханов“, “Бабаханов-Ёжиков” немесе “Ёжиков-Бабаханов” фамилия вариантарын ресми түрде қабылдай алады.
Ал, Қазақстан сияқты авторитарлық мемлекетте жәй аты-жөнді өзгерту қарапайым тұрмыс-тіршілік мәселесін тіпті ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзі қатаң бақылауда. Әлгі фсб-ның қазақстандық шакалдары тарапынан рұқсаты болмаса, сіздер фамилияңыздардың түбегейлі өзгертуі түгіл тегіңіздердің бірде-бір әрпін алып тастамайсыздар! Мәселен, 1950-шы жылдары дүниеге келген кейбір қандастарымыз 1939-1945 жылдардың аралығында орын алған Екінші әлем соғысының барысында қаза тапқан жауынгерлердің туған балалары ретінде ресми түрде жазылған. Алайда, бұндай қисынсыздықты жоюға ұмтылған кісілер өз биологиялық әкелерінің фамилияларына өтуге емеурін білдірсе, қатыгез билігіміз пәлен адамның жеке таңдауына әдетте бөгет салуда.
“Сырты — абыз, іші — желғабыз” демекші, жылпос Кирилл түптеп келгенде елімізге жат пиғылдарды қолпаштауда. Ол басқаратын күзет фирмасының сайты қазақ тілінде жүргізілмейді. “Ронекс Секьюрити Компани” ЖШС-нің славян, ебрей, татар мен қызметкерлерінің арасында қаракөздеріміз онша көрінбейді.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.