Олимпиададан айырылғанымыз дұрыс болды

Views: 0

Үкіметімізді билеп кеткен өңшең қалбит, мәмбет тобырына Қысқы олимпия ойындарын бұйырмағаны өте жақсы! Ең алдымен, олар әлем спортының мерекесін кезекті жемқор ойнасына айналдырар еді. Бишара қазақтардың тозығы жеткен бюджетіне тағы бір жойқын соққысын келтірер еді. Екіншіден, жаһандық жиындардың өткізуін тәжірибесі жоқ шапырашты мен шала қазақтардың кесірінен халықаралық қауымдастықтың алдында еліміздің абыройын айрандай төгілер еді. Қазақстандағы кішігірім спорт сарайлары мен ұсақтау стадиондар ірі жарыстарды өткізуі үшін мүлдем жарамсыз. Мемлекетімізді қаптаған дөрекі полицайлер, тойған торайдай семіз әкімсымақтар мен дүмбілез аудармашылар да «қазақ» деген атағына нұқсан келтірер еді.

Саясаткер Ахметжан Есімов.

Олимпия ойындарын Пекинге бұйырғаны да еліміз үшін тиімді жағдай деп есептеймін. Біріншіден, аяр көршіміз керек емес шығындарға белшесінен батпақ. Допингпен қуаттандыратын ырду-дырду спорт бәсекесінің мәдениет пен экономикаға әкелетін пайдасы өте күмәнді. Баяғыдан бері, медальдер мен бәйгелердің үлестіруі саяси ойынға айналған. Әумесер спортшыларды есалаң жанкүйерлер ғана пір тұтады. Мейлі, құмырсқадай құжынаған ханьдер биоробот іспеттес атлеттерді әулие қылсын. Өз обалдары өзіне. Ал, бізге кәсіби спорттан гөрі жаппай физикалық мәдениет қозғалысын дамыту керек. Қазекеңдердің денсаулығын нығайту үшін елді мекендерде жүзу бассейндерін ашу қажет. Таза ауа жұтқызу үшін альпинизм сияқты таулы спорт түрлерін өркендеткені жөн.

Likes(0)Dislikes(0)
6 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply