Поп Гапонның ізбасарлары

12 сәуірде, Алматы қаласында орын алған Антиеуразиялық форум Қазақстан тәуелсіздігіне қатысты бірсыпыра мәселелерді көтерген болатын. Ең бастысы, диктаторлар Лукашенко, Назарбаев пен Путин жоспарланған Еуразиялық одаққа қарсы нақты әрекеттер талқыға салынған. Әрине, отан сүйгіш қауым үшін мынадай маңызды сұрақтар жанына бататыны сөзсіз. Кез келген қазақи тәрбиені көрген адам мемлекетіміздің бостандығы үшін мейлінше қолдау көрсетуге тиіс. Бірақ, аталған шараның ұйымдастырушылары жайдақ ұрандардан аспай жатыр. Шынайы күрес жүргізу үшін мыңдаған кісілер қатысатын шерулер өткізу керек. Әлбетте, саясаткер Төлеген Жүкеев пен редактор Рысбек Сәрсенбайұлы секілді ұлттық қауіпсіздік комитетінің байырғы әріптестері билікпен белсенді түрде арпалыспайды. Олар көзбояушылық үшін ғана анда-санда өткір баяндамаларды оқып, сонымен шектеледі.

 2014 жылдың 12 сәуірінде, Алматы қаласында орын алған Антиеуразиялық форумның көрінісі.

Антиеуразиялық форум барысында оғаш оқиғалар да көзге түсті. Мысалы, пәлен тақиялы «періште» орыс тіліне бойкот жариялауына ұсыныс жасады. Әккі гебист Жүкеев осындай сөздерге өтірік наразылығын білдірді. Менің пікірімше, ұйымдастырушылардың өздері жұрттың назарын іліп әкету үшін тақиялы арандатушыны сахнаға жіберген-міс. Тағы айта кетерлік жәйт, осы жиналыс барысында микрофондар мен дыбыс күшейткіштері жиі ақаулықпен істеді. Ашық ауыз қариялардың кейбіреуі мынадай техникалық келеңсіздіктерді «ақ орда» жіберген зиянкестердің зымиян әрекеті ретінде таниды. Менің ойымша, құрал-жабдықтардың кемшіліктері де ұйымдастырушылардың икемсіздігінен пайда болған құбылыс. Әйтеуір, бұндай негізінен жеке басының қамын күйттеген «қайраткерлер» халқымызды адастырып жібермесін деп қауіптенемін.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
18 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.