Қазақ қарулы күштері мен құқық қорғау орындарында қызмет ететін ер азаматтарына сақал қоюға тыйым салынған. Бірақ, қазіргі таңда көптеген мемлекеттерде әскери адамдар мен милиционерлерге сақал қоюға болады. Мысалы, осы сілтемеден сақалды Иран жауынгерлерін көре аласыздар. Ал, мынау сілтемеде кейбір неміс жауынгерлері сақал қойды. Кейбір еркектерге сақал жарасады. Неге біздер оларға жасанды шектеу қоямыз?! Әрине, әскери мен құқық қорғау орындарында қатаң тәртіпті орнатқаны дұрыс. Алайда, жауынгерлер мен милиционерлер робот емес қой. Олардың жеке талғамы мен ерекшеліктерін естен шығармау керек.
Қазақстан тарихындағы батылдық пен зеректікпен ерекшеленетін Торғай сардары Амангелді Иманов (1873-1919) және Шыңжандағы көтерілістің көсемі Оспан батыр (1899-1951) шоқша сақалды тұлғалар болды. Олардың асқан ерліктеріне сақал ешқандай тежеу салған жоқ. Сақалды Амангелді Имановтың фотосуреті. Сақалды Оспан батырдың фотосуреті. Кезінде, ресейлік Пётр Бірінші патшасы сақалды қызметкерлердің қырынуы жайлы жарлық берген. Қалай десек те, қазақ әкімсымақтары күні бүгінше Ақ Патшаның бұйрығын мүлтіксіз орындауда. Қытай-кәріс көселеу әріптестерімізді ұмытпағанымыз да жөн. Аяулы ит-жылан жегіштерді ренжітпеу үшін, ресми орындарда жұмыс істейтін қазекеңдер сақал қоюды әзірше доғаруда.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.