Егер сымсыз байланыс саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерді білуге құштарлы болсаңыздар, онда live.radioscanner.net сайты сізді қызық ақпаратымен қамтамасыз етуге даяр. Әрине, тікелей эфирдегі төтенше, көлік және тағы басқа мекемелерінің келіссөздерін тыңдау сіздерге ерекше хабарлар әкеледі. Әуе диспетчерлердің кәсіби әңгімелері, құтқарушы мен жедел жәрдемнің келіссөздері…
Бұрынғы Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келіп түскен өзгеше жаңалықтарға қарық болыңыздар. Мемлекеттік құпия немесе біреуге қарсы заңсыз шараларды дайындау үшін қажетті деректер емес. Жәй әншейін, арнайы ұйымдардың күнделікті тіршілігін зерттеу үшін құлақ түріңіздер. Детектив әдебиет пен көркем фильмдерінен емес, нағыз өмірден бұлжытпай алынған деректерге не жетсін? Сондықтан, оқырман қауымына тағы бір нақты ақпарат көзін пайдалануға сілтемені берудемін.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.