Жергілікті мен шетелдік кинематографистердің көркем фильмдерінде қателіктердің саны аз емес. Ғылым мен мәдениетке шалағай қарайтын киногерлер анда-санда мүлт кетеді. Мысалы, қазақстандық кинорежиссёр Сатыбалды Нарымбетовтың Кіндік Азия мен Қазақстандағы тұңғыш тарих ғылымдарының докторы Ермұқан Бекмахановтың (1915-1966) қайғылы өміріне арналған 2016 жылғы “Аманат” көркем фильмінде бірнеше ағат кеткен жағдайлар баршылық.
“Аманат” фильмі кіріспесінің өзі өтірікпен басталады. Көне қытай ойшылы Конфуцийге жатқызған орыс тіліндегі “Өткенді ұмытқандар оны қайталауға мәжбүр болады” мағынасында нақыл сөзін шын мәнінде жиырмасыншы ғасырдың американдық философы Джордж Сантаяна айтқан. 1905 жылғы ағылшын түпнұсқасы: “Those who cannot remember the past are condemned to repeat it“.
Осы фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі — жас қазақ журналисі — 1968 жылы марқұм тарихшының өмірі туралы мақаланы жазуға кіріседі. Редактордың кабинетіндегі кітап сөрелерінде “Үлкен Кеңес энциклопедиясы” үшінші басылымының қызыл томдары орналасқан. Алайда, әлгі энциклопедияның үшінші басылымы 1969-1978 жылдардың аралығында жарық көрді. Демек, “Аманат” көркем фильмінің бұл жәйті шындыққа жанаспайды.
Сонымен қатар, әлгі журналисттің дорбасын тіміскілеген КГБ тергеушісі чешен саясаттанушысы Абдурахман Авторхановтың “Загадка смерти Сталина” кітабын тауып алып, жас қазақтың алдында оны көрсетіп тұр. Бірақ, осы кітап 1976 жылы жарияланған. Яғни, ол да фильмнің 1968 жылғы оқиғаларының барысында пайда болуы мүмкін емес.
Оған қоса, әлгі тергеуші қыртымбай жазғыш Александр Исаакович Солженицынның “В круге первом” романын ұстап отыр. Алайда, бұл шығарма 1968 жылы американдық Harper and Row баспасында орыс тілінде жарық көрді. Демек, осы кітаптың мұхиттың арғы жағынан көп ұзамай шалғайдағы қарапайым қазақ журналисінің қолына түсуі мүмкін емес.
Өзге режиссёрлер де талай рет қателесті. Мысалы, Шәкен Кенжетайұлының “Атаманның ақыры“, 1970, көркем фильмінің оқиғалары 1920-шы жылдардың басында орын алды. Дегенмен, осы фильмде Отто Харбах пен Джером Керн жазған 1933 жылғы американдық ән “Smoke Gets in Your Eyes” (“Көзіңді түтін тұмшалайды“) ұзақ ойнатылады. Бір қызығы, қоюшы режиссёрдың өзі домбыра тартып, шабыттана ән айтатын. Сценарист Андрей Кончаловский тіпті консерваторияда оқыған кәсіби пианист. Соның өзінде, әлгі кинода бұндай сорақы қателік жіберілген.
Жидовка Алла Сурикованың “Человек с бульвара Капуцинов“, 1987, музыкалық кинокомедиясының оқиғалары он тоғызыншы мен жиырмасыншы ғасырлардың тоғысында орын алды. Алайда, әлгі көркем фильмде келтірілген Форт-Нокс (АҚШ-тың алтын қоймасы) 1936 жылы ғана салынған. Сурикованың сыбайласы — Әзірбайжанда туған армян сценаристі Эдуард Акопов — ағаттық жасады ма? Не де болса, қос жылпос “өнерпаздар” да мүлт кетті осы жолы.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.