Қазақстанда не көп, Ресейге қызмет ететін тыңшылар көп. Сонау, Кіші жүздің Әбілқайыр ханы мен Орта жүздің зерттеушісі Шоқан Уәлихановтан бастап, Кіші жүздің басшысы Иманғали Тасмағамбетов пен Ұлы жүздің патшасымағы Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін қазақтар орысқұл жоқшыларға кенде емес. Бірақ, баршаға белгілі кейіпкерлерді қайталап айтқанша, басым көпшілікке таныс емес агенттерді тілге тиек еткені жөн болар.
Осы жұрт Айдар Жұбаниязұлы Қаратабановты біле ме екен? 1952 жылғы 18 қаңтарда туған, 2012 жылғы 4 қазанда дүниеден өткен қазақ аудармашысының өмір жолы ерекше еді. Нанасыздар ма, сонау 1975 жылы қарапайым қазекең паң Швейцарияның өзінде ұлы Кеңес Одағы өкілдерінің бірі ретінде жұмыс істеген?! Демек, Қаратабанов жолдас шығыс ертегідей менмұндалаған Сингапурде қызмет еткен жас тыңшы Қасымжомарт Тоқаевтың қарқынды карьерасынан озып түсті.
Тіпті, оның туған қызы Далиданың өзі Швейцарияда дүниеге келген. Сонымен, алып империяның шетінде туып-өскен Адекеңді Ресейдің таңдаулы тыңшыларымен салыстыруға тура келеді. Мысалы, РФ-ның бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Иванов жиырма бір жаста Лондондағы Илинг өнер колледжінде ағылшын тілін оқыды. 1970-ші жылдары, капиталист мемлекітінде сабақ алатын Кеңес Одағының студентері жоқтың қасы еді. Айтпақшы, Сергей Иванов та Айдар Қаратабановтай тіл білімінің маманы болып табылады. Сонымен қатар, жандарал Серёга 1985 жылы Кения деген африкандық елде шпионажбен шұғылданса, сәлден соң осы мемлекетке Адекең де отбасымен бірге арнайы іссапарға келді.
Мәскеулік шоқыншақ Далида Айдарқызы бірнеше жылдар бойы Кения халықаралық мектебінде оқып, ақыры 1995 жылы оның дипломына ие болды. Бір қызығы, тыңшылардың алдыңғы қатарында көрінсе де, Адекең көпшілікке белгісіз кейіпкер болған еді. Алматылық аудармашылық қауымының ардагерлерінің көбісі осы кісіні танымайды. Мәскеулік қазақ диаспорасы да көбінесе Адекеңді білмейді.
Қасымжомарт Тоқаевтың туысы академик Евгений Примаковтай мықты тірегі Қаратабанов жолдастың алғашқы қадамдарын қолдаған жоқ. Демек, Айдар Жұбаниязұлы негізінен ерекше тыңшылық қасиеттерінің арқасында тиімді әрі жауапты тапсырыстарға қол жеткізді. Оның қарындасы Сорейя Қаратабанова қазақстандық математиктердің бірі. Сайып келгенде, Қаратабанов әулеті әжептеуір білімді отбасылардың қатарына кіреді. Оған қоса, Кеңес Одағы мен Ресейдің барлау мекемелеріне қызмет еткен Адекең жемқорлық індетіне шалдықпай, өзінің ерекше мәртебесін шамадан тыс пайдаланбай мейлінше адал офицер болған еді.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.