Ресейді мақұлдайтын жазғыштар

Халықаралық санкцияларға душар болған Ресей украиналық майданда ұтылып жатса да, оның Қазақстандағы қолшоқпарлары күні бүгінгі дейін озбыр мәскеуліктерді қолдауда. Әсіресе, атымен — қазақстандық, затымен — ресейлік аққұлақ жерлестеріміз солтүстік көршіміздің кесірлі саясатын құптауда. Бұндай екіжүзді ұстаным еліміздің спорт журналистикасы саласында да байқалады. Көбінесе қазақ тапсырушыларынан пайданы көрсе де, мемлекетіміздің ресми мекемелерінің тарапынан қолдауына ие болса да сайқал жазғыштар шын мәнінде өзге жұртқа адал қызмет етуде.

Футбол бапкері Магомед Адиев туралы мақала.

Орыс журналисі Леонид Юрьев басқаратын “Спорт арена” сайты ресми түрде Қазақстанда тіркелген болса да, өз мазмұнын тек қана орыс тілінде жеткізеді. Ол ол ма, осы бұқаралық ақпарат құралының тақырыбы негізінен Ресейге қатысы бар спорт оқиғаларына арналған. Мәселен, 2024 жылғы 30 қаңтарда, еліміздің аяқдоп ұлттық құрама қомандасының бас бапкері Магомед Адиевтің (Ресей) ұтылғыш, шегіншек нәтижелерін жөніндегі орыс кейіпкері Николай Саприннің пікірі келтірілген. Әлгі, орекең қазақтарды мазақтағандай икемсіз қапқаздық жаттықтырушыны қолпаштап береді. Бір қызығы, халықаралық санкцияларға ұшыраған орыс футболшылары Әлем кубогі немесе Еуропа біріншілігі іспеттес байрақты додаларға қатыса алмайды. Онсыз да, жалпы алғанда, Ресейдің аяқдобының жағдайы ауыз толтырарлықтай емес. Егер күшті, кәсіби футболшылардың ақыл-кеңесі қажет болса, онда Аргентина, Франция, Хорватия, Гүржістан немесе Украина сияқты мықты аяқдоп елдерінің өкілдерін сұрағаны жөн. Алайда, Қазақстанда емін-еркін тіршілік ететін орыс журналистері кез келген жағдайды сылтау етіп, ресейлік футболшылдарды жарнамалайды.

Андрей Аршавин деген футболшының пікірі.

Ал, 2024 жылғы 22 ақпанда, ресейлік футболшы Андрей Аршавин әскери қылмыскер Владимир Путинге жолдаған ұсынысы туралы әлгі қазақсымақ сайты біздерді хабардар етті. Айтпақшы, әскери қылмыскер Ахмат Қадыровтың құрметіне аталған “Ахмат” футбол клубын да “Спорт арена” жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Қазақстанның орысқұл-қытайшыл үкіметі аққұлақ шовинистер, ішімізден шыққан сатқындарды байқамағансып, жайбарақат күн көруде. Бұндай ұсақтау орыс сайты түгіл, еліміздің ақпарат кеңістігіне алпауыт ресейлік телеарналар да қиналмай бас салуда. Өзге жұрттың шашбауын көтерген “жергілікті” журналистерге қарсы айыппұл, цензура сияқты қатаң әрі әділ шаралар айтарлықтай қолданылмайды. Бірақ, сайқал билікті пір тұтпай, қазақ қоғамы патриоттік шешімдерді өзінше қабылдауға тиіс. Мысалы, әлгі сайтандық спорт сайтын мойындамай, қазақ жарнама берушілері, спортшылары мен журналистері Леонид Юрьев секілді  орыс ұлтшылдарымен кез келген байланысты үзіп тастауға тиіс.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
10 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.