Заң бойынша, әркімнің өз қалауынша дінді немесе дінсіздікті таңдауға құқығы баршылық. Кез келген адам өзінің ой-пікірлеріне сай фәлсафа қағидаларын сұрыптайды. Бірақ, саясат пен шаруашылық істерінде әжептеуір салмағы бар қайраткерлерге соншама рухани еркіндікті беруге болмайды. Себебі, билік пен қаржы-қаражаттың тұтқасын ұстаған пенделер өз үшін ғана емес, бүкіл қоғамымыз үшін жауапкершілік тартады. Рухани жағынан күмәнді жандар, саяси мен іскерлік тұрғысынан алып қарағанда дүдәмал боп шығады.
Қазақстандағы белді шоқыншақтардың әрекеттерін біраз әңгіме етейік. Алматының бұрынғы әкімі Заманбек Нұрқаділов пен еліміздің баяғы баспасөз министрі Алтынбек Сәрсенбаевтың қасіретті өлімдеріне шоқындылардың да тікелей қатысы бар. Әйтпесе, ұлт намысымыздың тамырына балта шабатын бұндай қылмысқа жібі түзу қазақтар бармас еді! Бөтен топтарға қолғабыс беріп, қазақи тұлғалардың көзін жоюға кірісті кірес таққандар. Былтырғы қараша айында, ҚР ҰҚК-нің генерал-майоры Әлнұр Мұсаев өз “Фейсбук” парақшасында жан түршігерлік ақпаратты жариялады.
Білікті барлаушы келтірген қылмыскерлердің тізімінде бірде-бір қазақ жоқ. Жоңғар Назарбаев тапсырыс берді, қырғыз Әбіқаев пен қалмақ Кекшаев оны ұйымдастырды, ал қандықол шешен жігіті өлім жазасын орындады. Әрине, генералдың сөзінің жаны бар. Мысалы, 2006 жылдың 28 қарашасында қазақ сабазы Сағит Шоқпытовты шешен жендеті Витта Махмаханов атып тастады, ал осы қылмысқа тапсырыс бергендер — “Қазақмыс”-тың кәріс қожайындары. Мен Шоқпытов мырза “сүттен ақ, судан таза” деуден аулақпын. Социалистік белсенді Берік Жағыпаровтың айтуынша, “Қазақмыс”-тың итжегіш иелері осы кәсіпорын өнімінің жартысынан артық бөлігін ресми түрде есептемей, салығын төлемей шетелге жөнелтетін. Енді, олар ұсақ ұры Шоқпытовты шақырып, оған аса ірі мөлшердегі ұрлықты өз мойнына алуға ұсынды. Бұндай қулық-сұмдықтан бас тартқан Сағитті қазақ емес мыс мафиясы ақырында жойып жіберді. Алайда, соның өзінде де осы батыл мүгедек бізге кәрістер мен қапқаздықтарға қарағанда әлдеқайда жақын емес пе?
Нұртай Әбіқаевтің қырғыз екендігінді осы мақаламда анық көрсеттім. Естеріңізде шығар, Әбіқаев мырза “Қазақмыс” кәрістері демеушілерінің бірі. Ал, саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың жоңғар екендігінді танымал публицист, тарихшы Кәрішал Асан Атаның “Шынжырда өткен жолбарыс…”, 2006, кітабынан біліп аласыз. Оның 155-156 беттерінде, 1998 жылы орын алған шамалғандық ақсақалдың әңгімесі келтірілген: “Нұрсұлтан Назарбаев қазақ емес, қалмақ. Әуелі қалмақтың да өтіп кеткені — жоңғар тұқымынан. Тіпті, қазақтың қас жауы да осы жоңғар емес пе еді?.. Нұрсұлтан — Нұрсұлтан емес, оның қалмақша аты басқа. Әуелі ол Назарбаев та, Әбішұлы да емес. Осының бәрін білетіндер бар. Бірақ құртып жібереді деп айтуға қорқады… Көпшілік біле бермейді, анығын айтсақ, Нұрсұлтан Әбіш ағамыздың кіндігінен емес, ол анасының артынан еріп келген 3 жасар ұл болатын. Ал, қалған екі баланы, Сатыбалды мен Болатты Әлжан жеңгеміз Әбіш ағамыздан туды. Айналайын, Әбекең қой аузынан шөп алмайтын момын еді ғой. Ал, байқаймысың, Нұрсұлтанның көзі алақтап, жан-жаққа жүгіріп ойнап тұр. Құдды біреу қуып келе жатқандай, қуыстанып қаша жөнелуге даярланып тұрған сияқты”. Кәрі қырғыз бен мосқал тартқан жоңғардың әріптесі — жас қалмақтың жөнінде біраз сөз айтайық.
Бүкіл ғаламтор бойынша, Алексей Сергеевич Кекшаевтың фотосуретін тұңғыш рет жариялап отырмын. 2000-шы жылдардың басында, Қазақстан саясатына орасан зор кесір тигізген осы кейіпкер тасада тұрып тас атқан. Мейлі, Рым папасы болсын, мейлі Мәскеу патриархы болсын христиан діні көшбасшыларының алдында Кекшаев мырза құрдай жорғалайды. Оның жағымпаз қылықтарын көрудің өзі ұят.
“Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам” демекші, 2006 жылдың ақпан айында орын алған Алтекеңнің қасіретті қазасынан кейін әлгі Кекшаев бірден Қазақстаннан қашып кетті. Сезікті секірер… Айтпақшы, ақылы Аплатондай ішкіш экономист Ержан Өтембаев та Назарбаев мырзаға жолдаған өкініш хатында ашықтан-ашық мәлімдеді: “Ант етемін: Нұртай Әбіқаев пен Алексей Кекшаев үш ұйықтаса да, осы мәселе жөнінде білмеді. Бұған олардың ешбір қатысы жоқ”. Өтембаевтың хаты 2006 жылдың 23 ақпанында жарияланған болатын. Дәл сол уақытта, елімізде Кекшаев мырза кім екендігі білетін адамдар тіпті там-тұм. Демек, ішкіш экономист өз сыбайластарын еріксіз әшкереледі. Әрине, осы қылмыстық топта “Ватикан” агенті Кекшаев пен Мәскеу қолшоқпары Әбіқаевқа қарағанда Ержан Әбілхайырұлының дәрежесі төмендеу болған еді. Сондықтан, пұтқа табынатын көкжал бөрілер жаңадан шоқынған аңғалдау қазекеңді құрбандыққа шалды.
Осы зиянкес қалмақты еліміздің билік шыңына кім жетектеп әкелді? “Жау жоқ деме, жар астында” деп атам қазақ бекер айтпаған. Батыс өңіріміздің пайдакүнем тұрғындарының да кінәсі бар. Қалмақстанмен көршілес Астрақан өңірінің тумасы әрі Кекшаевтың діндесі Асылбек Қилымов үкіметіміздің вице-премьері Иманғали Тасмағамбетовты Элистадан келген католикпен таныстырды. Шоқыншақ боксшы тапалтай қонағымен бірге іскерлі Имекеңді Ватиканның саяси, қаржы әлеуетімен қызықтырды. Әлем діндерінің форумы секілді даңғой ұсыныстар да мақтаншақ қазақстандық жетекшілерінің көңілінен шықты. Тегеурінді Рым папасының қазақстандық сапары да жергілікті атқамінерлеріне қосымша ұпай беретіні сөзсіз. Әрине, Алексей Сергеевичтің ұлты да жоңғар Назарбаев пен оның жандайшабы, қырғыз Әбіқаевқа өте ұнады. Теміртас Тілеулесовтің “Ордалы жылан”, 1998, кітабына сәйкес, қазақстандық саясаткер Өмірзақ Шөкеевтің ұлты — қалмақ. Демек, ол үшін де Кекшаев мырза кет әрі емес екендігі айдан анық.
Сонымен, ресейлік азамат Алексей Кекшаев қазақстандық төлқұжатты да иеленіп, бірден аса маңызды лауазымға тағайындалған — ҚР президентінің Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі. Ондай-ондай болады. Мысалы, дәл сол уақытта Рахат Әлиевтің әмияны, хазар кәсіпкері Игорь Егармин де ресейлік төлқұжатпен бірге қазақстандық азаматтықты иеленіп алды. 2003 жылы, мен Игорь Петровичтің ҚР төлқұжатын өз басым көрдім. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңының 3 бабына сәйкес, “Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды”. Алайда, феодалдық басшылардың қалауынша кейбір жылпос келімсектерге қос азаматтығы түгіл, еліміздің жоғары дәрежедегі лауазымы табысталады.

“Ватикан” агентінің құдіреті соншама, ол тіпті Әбіқаев мырзадай Сәрсенбаев ісінің бойынша куәлік беруден бас тартып, құтылды. Кекшаев мырза елімізден аласталса да, Қазақстандағы оның сыбайластарының тасы өрге домалайды. 2009 жылдың 9 ақпанынан бастап, А.С. Кекшаев “Контролсуд” жабық акционерлік қоғамының бас директорының қызметіне кірісті. Өз кезегінде, Алматыдағы “Контролсуд Орталық Азия” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі ретінде Владимир Церенович Чумашкаев жұмыс істейді. 2007-2009 жылдардың аралығында, В.Ц. Чумашкаев католик Қилымовпен қатар First Line Intervest LTD офшорлық компаниясы иелерінің бірі болды. Дәурен Сәрсекеев осы компанияның тағы бір акционері болған еді. Бірақ, 2011 жылдың соңында шоқыншақ боксшы Сәрсекеев отбасымен ажырасып кетті.
Католик Қилымов музыкаға бейім іскерлі жігіт. Бірақ, ол көптеген адамдармен сыйыспайды. Кезінде, өзінің туысы, мұнайшы Нұрлан Балғымбаевпен де жанжалдасып қалды. Асекең өз достарының арасында “Алексей Климов” атымен де танымал. Не деген сорақы атау! Бейне-бір иттің лақап атындай. Өз кезегінде, Алматыдағы “Shambala Invest Stroy” Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Мерген Церенович Чумашкаев қазақ жұмысшыларының еңбекақысын жеп, қарызын қайтармайды. Айта кетерлік жәйт, пұтқа табынушылар үшін “Шамбала” деген сөз киелі ұғым болып саналады. Ал, Церен Церенович Чумашкаев Қазақстан Республикасы ат спортының федерациясы Халықаралық қатынастарының департаментін басқарады. Анау дейміз, мынау дейміз, бірақ кішігірім қалмақ ұлты да Қазақстанда еркінсіп кетті.
Пұтқа табынатын қазекеңдер де баршылық. Әне, қаржыгер Қайрат Келімбетов пен кәсіпкер Абай Сәрсекеев үнді молдалардың уағызын тыңдауда. Айтпақшы, қашқын қатын Лейла Храпунованың айтуынша, дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевтың жиені Сәрсекеев мырза Алматыдағы Лейла ханымның “Fashion Walk” және “Gianfranco Ferré” сән дүкендерін тартып алды. Ақыр соңында, жырынды Абай осы табысты сауда мекемелерінің нарық бағасынан әлдеқайда төмен парқын іскерлі Лейлаға төледі. Ал, ырымшыл Қайрат Нематұлы жұлдыз жорамалына да сенеді. Әрине, дәл бұндай нанғыштық ірі банкирге мүлдем жарамайды. Соның өзінде, Келімбетов мырза шоқынды қауымнан көш ілгері тұр. Мысалы, 2009 жылдың сәуір айында Халықаралық христиан қайырымдылық қорының ТМД елдеріндегі өкілі Алтынбек Тындыбеков пен қырғыз Н.Ә. Әбіқаев Ивашов деген орыс отаршыл генералының мақаласын Қайрат Нематұлына тықпалады. Абырой болғанда, Қайрекең әлгі Ивашовтың дүдәмәл пікірлеріне күмән келтірді.
Жалпы алғанда, Нұртай Әбіқайұлы қазақтарға жат кейіпкерлерге әуес. Мысалы, 2012 жылы режиссер Александр Севернюк “Испытание временем. Евгений Георгиевич Ёжиков-Бабаханов” атты деректі фильмін түсірді. Армян-неміс кәсіпкерінің жетпіс жылдығына арналған қойылымға Әбіқаев мырза да қатысып, әлгі іскерді жер-көкке сыйғызбай мақтады. Бөтен пиғылдарды асқан шеберлігімен мадақтауы — қырғыздарға тән дүние. Қырғыз-татар жазушысы Шыңғыс Айтматов өзінің тұнғыш шығармаларында Сталин дәуірін сөгіп, хрущевшілердің Ленин сыйлығының иегері атанды. Бірақ, Шыңғыс Төреқұлұлы соңғы туындыларында қаншама христиандарды дәріптесе де, Нобель сыйлығының иегері атануға қол жеткізе алмады. Ұлты қырғыз аса дарынды кинорежиссер Динара Асанованың көркем фильмдерінде ешбір ұлттық сипаттарын аңғартуға болмайды. Жырақта кино түсірген қырғыз қызының кілең кеңес, бибауырмал қойылымдары азиялық құндылықтардан аулақ болған еді.
Сайып келгенде, елімізде атеизмге қарсы қысым жасаланады. Тәңірге табынушылық секілді дала балаларының дәстүрлі дінінің жолы кесілуде. Мысалы, ең атақты Тәңірге табынушылардың бірі, ақын Арон Атабек темір тордың ар жағында он жылдан астам отыр. Керісінше, христианство, ислам мен буддизм тәріздес біз үшін дәстүрлі емес діндерге барынша мүмкіншілік жасалынуда. Баспанасыз қазақтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз етілуінің орнына, зияны болмаса пайдасы жоқ діни ғимараттар салынуда. Ғылыми планетарийлердің орнына, күні-түні адам баласын алдайтын жұлдыз жорамалы таратылуда. Мифологиялық кейіпкерлерге сенетін кісілер, қаржы пирамидалар мен өтірікші саясаткерлердің соңынан ереді.

