Рушылдықтың кесірі

Елімізді жаңарту жолында ескі-құсқы әдеттерімізді тыйғаны жөн. Бүгінгі заманның талабына сай келмейтін дәстүрлерімзіді тоқтатқаны дұрыс деп санаймын. Сөз жоқ, рушылдық екеш рушылдықтың да оң сипаттары баршылық. Мысалы, жеті атаға дейін қыз алыспаудың игі әсері қазақ генетикасын әжептеуір жақсартты. Кейбір жағдайларда, руларымыздың жағрапиялық ерекшеліктерін есте сақтағанына не жетсін? Мәселен, пәлен аймақтың тумалары ғылым мен өнерге бейімділеу болса, өзге өңірдің тұрғындары әскери саланың қыр-сырына қанық боп көрінеді.

Ысты руының волейболшы өкілдері.

Алайда, рушылдық көбінесе кесірлі құбылыс екендігіне көзіміз әбден жетті. Онсыз да кішігірімдеу халық болсамыз да, ру мен тайпаларға жік-жік бөлініп сыртқы күштерге жем болудамыз. “Ақмола” деген қасиетті атауымызды басып алған Астана-Сатананың төріндегі Қара Орданың көсемдері елімізді шатастыратын рушылдыққа ұйытқы болуда. Феодализмнің көнетоз құндылықтарын алға тартып, қараордалықтар біздердің арамызда алауыздық туғызады. Жеке тұлғаның қабілеттерінен гөрі оның ру-тайпасының байланыстары есепке алынуда. Сондықтан, рушылдықтың салдарынан еліміздің мәдениеті мен өнеркәсібі ақсап қалуда.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
46 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.