Қазақта не көп, мент пен гебистер көп. Тіпті, асқан білімнің қара шаңырағы саналатын — Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының өзінде ғылыми жаңалықтарды аңсап келген оқырмандарды қанден итке бергісіз менттер тінтіп тұр. Енді, жұртшылықтың басым көпшілігі танымайтын гебистке кезек берейік.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнігі Асқар Жандосұлы Көкімов 1971 жылғы 13 қыркүйекте дүниеге келді. Еліміздің танымал боксшысының туған баласы, Асекең жастайынан мықты адамдар қолдауының рақатын көрді. Шапырашты тайпасы көсемдерінің бірі — әкім Серік Үмбетов рулас спортшы Жандостың ұлына қамқорлық көрсетті. Үш бірдей қаныпезер күзетші ағайындарының әкесі — Орта жүздің тумасы әрі әуесқой боксшы Төлеухан Садықұлов та бозбала Асқарға қолдау жасады. Студенттік шақта келешектегі комитетчик тентектік танытса да, аталған демеушілердің арқасында даңғыл мансап жолына сүрінбей аттанды.
Әрине, паң Алматы қаласында жандарал әскери атағына қол жеткізу қиын. Мансапқор өрлеуін жылдамдату үшін еліміздің шалғай өңірлеріне барғаны дұрыс еді. Алайда, ірі қаланың жайбарақат өміріне дағдыланған Асекең алматылық думанды тіршілікті қимай, ырду-дырду қызметтің қызығына белшесінен батқан. Нәтижесінде, шапырашты жігіті Алматы қаласы бойынша ҚР ҰҚК департаменті бастығының орынбасары лауазымына қол жеткізді. Сөз жүзінде, жандарал атамаса да, іс жүзінде жандаралға бергісіз табысты орын емей немене?! Қаншама наркобарон, аферист, алыпсатар, қарақшылар Асқар Жандосұлын сыйлап, шапырашты полковнигінің алдынан өтті!
Оңтүстік астанамыздың майлы шелпегіне қанағат тұтпай, Асекең ақпараттық құндылықтарға да бас салды. ҚР ҰҚК орталық мұрағатын да басқарды шапырашты тайпасының өкілі. Демек, ол өткен заманның құпиялы құжаттарын қадағалады. Келмеске кеткен уақыттың сырын білуге талпынған тарихшы, журналист, зерттеушілер де Асқар Жандосұлына тәуелді болды. Сайып келгенде, пысық полковник қызметтік мансабының әр сатысын өз пайдасына шешкен. Бірақ, “Арасан” моншасының жанында өмір сүретін полковник гебистердің басым көпшілігіндей талай рет өтірікті соға береді.
Мысалы, ол 2022 жылғы 30 қаңтарда орын алған телефон әңгімесінің барысында тоқаевшыл-путиншіл қапқанына түскен жан досы әрі әріптесі Әнуар Төлеуханұлы Садықұловпен таныстығын жоққа шығарды. Иә, айдай анық нәрселерді мойындамай, адами сезімдерді шетқақпайлау тыңшылардың сасық әдеті емес пе? Сөз жоқ, көбінесе баяны жоқ “достарына” үміт артқан назарбаевшыл оққағар Садықұловтың да кінәсі баршылық.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.