Сатқындардың баспанасы

Ресеймен қарым-қатынастарды жүргізгенде қазақ үкіметі баяғыдан бері еліміз үшін тиімсіз келісімдерге қол қоюда. Қарашығанақ газын өзіміз өңдемей, Орынбор газ өндірісіне жіберіп тұрмыз. Байқоңыр ғарыш айлағымызды  өте-мөте арзан бағамен ресейлік әскерилерге жалға беріп отырмыз. Әрине, мемлекеттік бюджетімізге шығын келтіретін зиянды келісімдер жайдан-жай құрастырылмайды. Бұндай қылмысты қателіктердің негізгі себебі — жергілікті бастықтардың сатқындығы. Киелі қазақ топырағын бөтен елге таптатқызған көбінесе қаракөз әкімсымақтар. Фәни байлық үшін парақорларымыз қазақ мемлекеттілігін де сатып жіберуге дап-дайын тұр. Мәскеудің удай қымбат жылжымайтын мүлкіне иелік еткен сатқындар жөніндегі біраз ақпаратты ортаға салғым келеді. Рас, бүгінгі таңда түрлі дәрежедегі бастықтар да мәскеулік пәтерлерді қиналмай сатып алуда. Бірақ, сонау тоқсаныншы жылдардың басында Ресейдің астанасында пәтер алу үшін қажетті валюта жылпос атқамінерлерде жетіспеді. Сондықтан, мәскеулік үйлерге қол жеткізген қазекеңдер көбінесе орекеңдерге  адал қызмет еткен пенделер болған еді.

Мәскеу қаласындағы Серафимович көшесіндегі нөмір 2 үй.

«Циркач» пен «Клиринг» лақап аттарымен жұртқа белгілі жоғары лауазымдардың иесі Қанат Саудабаев 1993 жылдың 21 сәуірінде Серафимович көшесіндегі 2 үйінде нөмір 309 пәтерін иеленді. Кремльдің қарама-қарсы жағында орналасқан аңызды үйдегі Саудабаев пәтерінің өлшемі — 133.9 шаршы метр. «Циркач» көршілерінің арасында орыс жетекшілерінің майталман сайқымазағы Геннадий Хазанов, жалған құндылықтарды насихаттайтын Владимир Гундяев (патриарх Кирилл, фсб). 1992 жылдың мамыр айына дейін Ресейдегі Қазақстан өкілі қызметін атқарған Саудабаев орыстарға тиімді әрекеттерін үшін Мәскеудің қақ ортасындағы керемет мекенжайда қоныс тойын тойлады. Сараң мұнайшы Нұрлан Балғымбаевтың ресейлік астанадағы жеке меншігі соншама ғажайып емес. Алайда, пәтерлердің өлшемі жағынан сасық атыраулық пасық алматылықтан басым түсті. Орыстар үшін ҚСРО мұнай мен газ өнеркәсіп министрлігінде жауапты жұмысты атқарған Балғымбаев бірнеше пәтерлерді қоржынына салды. Миклухо-Маклай көшесіндегі 32 үйдің 1 корпусындағы 48 пәтері 1992 жылдың 18 мамыры қарабет мұнайшының иелігіне өтті. Оның өлшемі — 73.6 шаршы метр. 1996 жылдың сәуір айында Донская көшесіндегі 4 үйдің 1 құрылысындағы 47 пәтер (228.7 шаршы метр) және осы үйдің 2 құрылысындағы 13 пәтер (120.4 шаршы метр) көрнексіз премьер-министрдің жеке меншігіне тіркелген.

Likes(1)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
21 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.