1937 жылы туған көрнекті қазақ саясаткері менімен телефон арқылы әңгімелесті. Биылғы 25 тамызда орын алған сұхбаттың аудио жазбасы мен стенограммасы бұқара халықтың назарына ұсынылады.
Сексен тоғызыншы жылы, Пленум өтті ақпан айында (қателестім, қаңтар айында — Д.Н.). Осы республикалық коммунистік партиясының. Сол Пленумда, Жәлел Шұбайұлы Қалмағамбетов айтты ғой осындай өткір баяндаманы. Сіздің пікіріңіз қандай, осы Жәлел Қалмағамбетовтың баяндамасы туралы?
Жәлел Қалмағамбетов, жалпы, шындықты айтатын жігіт болатын. Қазір, оның қайда жүргенін мен білмеймін (Жәкең көру қабілеті нашарланған шалға айналып, Алматыда өмір сүреді — Д.Н.). Айтқан сөздерінің барлығы — әділеттік жолымен айтылатын. Және оның көптеген пікірі, мына қазіргі патша болып отырған азаматтың іс-қимылына байланысты болатын. Сол себептен, сол себептен де мен о кісі дұрыс заманда, уақытында мәселе көтеріп деп есептеймін.
Түсінікті. Сосын, тағы екінші сұрақ. Сіз, анау, тоқсаныншы жылдардың басында, тоқсаныншы жылдардың ортасында біздің еліміздің жетекшілерінің бірі болдыңыз. Сол кезде, біз атом қаруыдан бас тарттық. Ол қателік болды ғой. Мысалы, қазір Солтүстік Кореяда атом бомбалары бар – оған ешкім тиіспейді. Украинада атом қаруы жоқ — одан Қырымды тартып алды. Сіз қалай ойлайсыз осы атом қаруы жөнінде?
Оның шындығы, әділеттілігі жалпы Украина, Қазақстан, Белоруссия өздерінің жерінде атом қаруы орнастырылғаныменен, оның барлығына билікті Москва жасайтын. Сол себептен де, біздегі қару-жарақ ядролық, біздің меншік болған жоқ. Украинада да солай болды. Ал, мына Кеңес Одағы тарқаған кезде, алдымен Беловежьеде, содан соң Алматыда мына жаңа құрылған мемлекеттердің басшылары “осы атом қаруының барлығына Ресей ие болсын” деп, шешім шығарған. Және ол шешімді о кезде Америка бақылап отырды. Сондықтан да, ол қаруды… Қазір, әлгі, біздің басшымыз, президентіміз “мен өз еркінмен құрттым” деп, жүр ғой. Онысын бәрі өтірік. Оны құртқан, құртқан негізінде — АҚШ, Америка. Америка Ресейдің мойнына мініп алды, Ельцин деген о кезде патшасы болды. Ол қастық жасаған-ды. Сондықтан да, қару-жарақтың бәрін құртқан сол Ресей мен АҚШ-тың келісімі.
Түсінікті. Енді, соңғы сұрағым. Сіз білесіз, қазір Қазақстанда, Украинада да қандай сұмдық парақорлық, жемқорлық. Оның себебі неде? Ол Одақтан басталды ма осындай парақорлық? Әйтпесе, осы егемендіктің кесірі ме? Сол, оның қандай себебі қазір осындай сұмдық коррупция, парақорлық?
Парақорлықтың себебін бір сөзбен айтуға болмайды. Ең үлкен себебі — парақорлыққа алдыменен билікте отырған адамдар барды. Мысалы, әлгі жекешелендіру деген мемлекеттің меншігін жекеге ауыстыру деген заман болды. Сол кезде, қолында кімнің билік бар, сол барлығын сол өзінің шамасы келгенше жинап алды. Ал, оны да жинап алу үшін де, бірде-бір пара берді. Оның үстінен, кейін жекешелендірілді, осындай-осындай “нарыққа көшірілді” деген сөздің барлығы — бос сөз. Негізінде, сол жекешелендіріп алған байлықты қолына иеленіп ұстаған адамдардың барлығы, көпшілігі осы биліктің басында отыр қазірдің өзінде.
Ал, сіз, Секе…
Сол себептен де, бұл жерде бір “мына заман өзгерді, сондықтан осылай болыпты” деп айтудың қажеті жоқ. “Биліктегі адамдар өзгерді” деу керек.
А, Секе, сіз енді өзіңіз қазақ тарихын жақсы білесіз. Сосын, анау ақсақал-қариялармен көп араластыңыз. Анау, өткен заманды білетін. Сол, өткен жүз, екі жүз жыл бұрын қазақ қоғамында осындай парақорлық болды ма? Әйтпесе, аздау болды ма?
Жалпы, мен сізге екі мәселені айтайын. Қазақ халқында, қазақтың тарихында (қазір оны “мың жыл” деп те жүрген бар, “бес жүз жыл” деп жүрген тарихшылар бар) бұндай парақорлық болған жоқ өмірбаки. Содан кейін, қазақтың тарихында, қазақтың ұлтында өтірік айту мұндай болған жоқ. Қазір, қазір ешкімге сенуге болмайды. Сөздің күші кетіп қалды. Барлығы өтірікпенен жуып-шайып жүрген заман боп кетті. Ең, ең қазақтың азған заманы қазір деп ойлаймын.
Сондықтан, анау, мысалы екі жүз, үш жүз жыл бұрын қазақ қоғамында демократия да қазіргі уақытқа қарағанда әлдеқайда жоғары болды, дала демократия.
Оның өзі, оның өзі — өте рас, дұрыс. Биді де, әкімді де, барлығын сол кездегі қазақтың өзінің ережесіменен сайлайтын. Және оны адал сайлайтын. Қазір, қазір биліктің барлығы бір адамның қолында: депутаттарды да бір адам тағайындайды. Сондықтан, ол заманды бұл заманды салыстыруға…
Иә, иә түсінікті. Рақмет! Бұл өте күшті жауаптарыңыз. Көп-көп рақмет!
Оқшау пікірдің иесі Кәрішал Асан Ата (1933-2015) “Правда бессмертна“, 2011, кітабының 339-340 беттерінде партократ Жәлел Қалмағамбетов (1934-2020) жөнінде біраз ақпаратты келтірді. Бұл деректер, айыпкер Кәрекеңнің 1993 жылдың 24 мамырында орын алған Алматы қалалық қазы-билері мәжілісіндегі соңғы сөзінде айтылған.
“Такие же условия жизни, как и Камалиденову, ныне созданы и другому “оппоненту” Нурсултана Абишевича — Жалелу Калмагамбетову, который на январском (1989) пленуме ЦК КП Казахстана подверг тогдашнего Предсовмина Назарбаева острой критике, сказав следующее: “Кто же будет отвечать за то, что Караваев создал систему взяточничества в министерстве автомобильного транспорта?
— Нурсултан, это Вы всегда помогали Караваеву, ещё будучи вторым секретарем Карагандинского обкома партии, затем, когда стали председателем, перетащили Караваева в Алматы, а сейчас мне известно, что вы хотели назначить Караваева своим первым заместителем…” После этих слов Калмагамбетов, обратившись к Г.Колбину, сказал:
— Надо решать вопрос об ответственности тех, кто покрывал Караваева!”…
Со всей очевидностью, после этих слов Ж.Калмагамбетова можно прийти к выводу, что, безусловно, “дружба” между премьером Назарбаевым и министром Караваевым базировалась исключительном на мздовом фундаменте, иначе прокурор Овчинников обязательно нашел бы стенограмму пленума ЦК, где Калмагамбетов выступил с критикой премьера Назарбаева…
Более того, мздовую базу дружбы между Назарбаевым и Караваевым могут подтвердить следственно-судебные материалы по делу Караваева, где частенько звучало имя Нурсултана Абишевича.
Спустя три месяца после этого пленума по личной просьбе Нурсултана Назарбаева Жалел Калмагамбетов дал ему письменное заявление в адрес ЦК КПСС. Там сказано, что в пылу эмоций он высказал критику в адрес Назарбаева, от чего теперь задним числом отказывается, вернее раскаивается.
А взамен этого письма Калмагамбетов получает заверения Назарбаева в том, что он обязан Калмагамбетову, что в случае его, Назарбаева, избрания первым секретарем ЦК КП Казахстана, Калмагамбетов, уже смещённый секретарь Карагандинского обкома партии, станет председателем Жезказганского облисполкома.
Ныне это письмо, размноженное на ксероксе, находится в руках родственников Калмагамбетова и у него у самого…
Потому уверен, что оно, безусловно, станет объектом изучения будущих поколений ученых-биографов первого президента Республики Казахстан.
А письмо Ж.Калмагамбетова, переданное Назарбаеву, в настоящее время, видимо, хранится в московских архивах. Оно сыграло свою позитивную роль в избрании Назарбаева первым секретарем ЦК КП Казахстана.
Вот теперь подумайте, господин судья, почему Назарбаев после путча сразу назначил Ж.Калмагамбетова первым замом Жезказганского облисполкома, оставив за его дочерью квартиру в Караганде и предоставив ему самому особняк а Жезказгане, не говоря уже о подаренных двух “Жигулях-09” и одной “Волге”.
Айтпақшы, 1989 жылдың қаңтар Пленумындағы аты-шулы баяндамасында Жәкең Назарбаевты “ірі парақор” (“крупный взяточник”) ретінде айыптады. Сол кездегі, салыстырмалы түрде ұсақтау ұры Нұрсұлтан “крупный взяточник” деп аталса, қазіргі аса ірі жемқор Назарбаевты қалай сипаттауға болады?!


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.