Қазақ халқы жанкүйерлерінің бірі, Герольд Бельгермен қоштасуына бірнеше мәдени, ғылыми мен саяси қайраткерлер қатысқан болатын. Үш тілде әдеби жұмысты атқарған дарынды замандасымызға соңғы тағзым етуге көптеген адамдар ұмтылды. Бірақ, олардың арасында Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов жолдас көрінбей кетті. Оның орынбасары Зәуреш Аманжолованың пікірінше, дәл Гер-ағаның жаназасының барысында «еңбекқор» қонтайшы іссапарда жүрді. Әрине, мынадай сылтау күлкілі боп шықты. Үлкен қаланың ресми жетекшісін кім іссапарға қол баладай жібермек? Бәлкім, Алматының іс жүзіндегі әкімі Болат Назарбаев шаруа Есімовті пәлен жерге аттандырды. Қалай болса да, Есімов жолдас бірнеше жағдайларда «іссапарды» сылтауратып, сыйлы азаматтарымыздың қоштасуына келмепті.
Мысалы, 2009 жылы қайтыс болған Александр Рязанов деген атақты көпір салушымыздың жаназасына қатыспады Есімов жолдас. Оның орынбасары Виктор Долженковтың пікірінше, Ахметжан деген қонтайшы іссапарда болғандықтан белгілі құрылысшыға соңғы тағзым етуге үлгермеді. Алайда, бұрынғы жоғары дәрежедегі бастықтармен қоштасуына «іссапар» деген кедергі атымен жоқ. Жылпос Владимир Ни 2010 жылы қайтыс болғанда, Есімов жолдас оны соңғы сапарына бәйек қағып шығарып салды. Қазақ ССР бұрынғы денсаулық министрі Мұхтар Әлиев 2015 жылы дүние салғанда, Ахметжан деген қонтайшы фюрердың атынан қаралы жиынға көңіл айтты. Мүмкін, Алматының ресми әкімі сәуегей қасиетіне иелік етіп, алдын-ала болжайды қашан пәлен дөкей о дүниеге аттанады. Осылай бал ашып, өз іссапарларын жоспарлайды.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.