Қазақ билігінің орысшыл мінез-құлқысын көшедегі жарнама белгілері арқылы пайымдауына болады. Алматыдағы сыртқы жарнаманың кейбір үлгілері Ресей саяси мүдделерін қорғауда. Мысалы, Әбілхан Қастеев сомдаған Абай Құнанбаев пен Ғани Мұратбаев суреттерінің негізінде әлеуметтік жарнама ескі-құсқы Кеңес Одағының символдарын дәріптеуде. Абай атамыз ҚСРО филателиялық маркасы шеңберінен аспай отыр, ал Ғани Мұратбаев «Капитал» атты Маркс туындысын мақтанышпен ұстауда.
Әрине, қоғамдық теңдікті көздейтін социализм экономикалық тұрғыдан алып қарағанда өте дұрыс бағыт. Бірақ, Алматыдағы социалистік астары бар жарнама әлеуметтік әділеттілікке мегзейтін бағдар емес. Ең алдымен, жергілікті насихаттаушылар Путин диктаторының Кеңес Одағын қайта құру жұмыстарына өз қолдауын көрсетуде. Бұрынғы ақша мен мүлік саласындағы әділдік емес, бұратана халықтарды қанайтын Қызыл империяны қарақшы капитализмінің негізінде тірілтуін көздейді путинисттер.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.