Жақында, сатқын парламентіміз отаршыл атқарушы билігіміздің нұсқауы бойынша Алматы қаласындағы Таулы Қырат бөлігінде ең таңдаулы жеріміздің 7 (жеті) гектарлық телімін 49 жылға Америка Құрама Штаттарының бас консулдығы үшін жалға берді. Бұндай аса құнды жерімізді ұзақ мерзімге берілуі — үлкен қателік. Біріншіден, жыл сайын төленетін бес жүз мың доллар тым аз ақша. Уақыт өткен сайын, инфляция осы болмашы соманы одан әрі азайтады. Екіншіден, жалға беру келісімдерді негізінен бір-екі жылға жасасқаны жөн. Өйткені, бұндай келісім-шарттар тиімсіз болған жағдайда, оларды бұзу оңайырақ болар еді.
2016 жылғы 1 қазанда, Ертіс өңірі бас қаласының тұрғыны, бокс жанкүйері Сапиола Арықпанов атақты қазақстандық ұйғыр боксшысы Әбдірашит Әбдірахмановпен кездесті. Олар Алматы қаласының Көк Төбе шипалы бөлігінде орналасқан Әбекеңнің үйінде жүздесті. Ұйғыр спортшысының мекенжайы сырт көз үшін аса қымбат көрінбесе де, оның айтарлықтай құндылығы жер көлемінде жатыр. Сарт боксшысының мұрагерлері қазақтың ең таңдаулы аймақтарының бірінде шамамен жеті гектарлық телімге иелік етуде.
Ұлты белорус генерал-майор Павел Новиков те Алматыдағы Бағанашыл ғажайып мекенінде қомақты жер теліміне қол жеткізді. Кезінде, Нұрсұлтан Назарбаев, Нұртай Әбіқаев пен Виктор Храпунов секілді миллиардерлерді дұрыс күтіп, олар үшін жанға жайлы демалысты ұйымдастыру арқасында пан Новиковтың өзі мультимиллионерге айналды. Оның жер телімінде қонақ үйі, ресторан, спорт кешені орналасқан. Сонымен қатар, бай белорус қазақ жерінің кең алқабында жеміс-жидек өсіруде. Ол ол ма, қазақстандық украин олигархы Сергей Терещенконың мұрагерлері немесе жалмауыз бапкер Юрий Цхай сынды бөтен жұрттың өкілдері Әбдірашит ака мен пан Новиковтың елеулі жер телімдерінен де асып түсті.
Кәрі Каспийдің жағалауында орын тепкен Ақтау қаласында да жылжымайтын мүліктің негізгі қожайындары — бөтен жұрттың өкілдері. Демек, жалпы алғанда, еліміздің шеңберінде басқа халықтардың үлесі басымдау көрініп тұр. Ал, қазақтар көбінесе баяғы жалға алушы мәртебесінен арылмай тұр. Енді, Алматыдағы американдық бас консулдығының жаңа ірі мекенжайына қайтадан оралсақ, оның түпкі мақсаты виза орталығы немесе білім беру ісі емес. Бұндай қарапайым әрекеттер үшін ірі кешеннің қажеттілігі жоқ. Осы қала Кіндік Азия мен Қазақстанның қаржы және телекоммуникация орталығы болып табылады. Сайып келгенде, жаңа консулдық кешеннің басты міндеті — бұл аймақтың қаржы операциялары, телефон сөйлесулері мен электрондық хаттарының бақылауы. Сөз жоқ, аспандағы барлау серіктері мен ұшқышсыз ұшақтарының ақпарат өндіру мүмкіншіліктері күшті. Алайда, жердегі барлау бекетінің тиісті деректердің жинау өрісі және көлемі ауадағы қондырмалардан мейлінше зор.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.