Қазіргі таңда, жеке үйлер мен түрлі мекемелердің басым көпшілігі темір есіктері және темір торлы терезелермен қапталған. Жарайды, мол қаржы-қаражат сақтайтын банк немесе қылмыскерлерді тұтқындаған қапас үшін сондай мықты есік-терезелер әбден жарап тұр. Бірақ, қарапайым адамдар мен бейбіт ұйымдар үшін соншама берік есік-терезелердің қажеттілігі екіталай. Еліміздегі кәдімгі пәтерлер бейнебір түрмеге ұқсап, үрей туғызатын бірдемеге айналуда. Тіпті, ағаштан жасалатын кіреберіс есіктерін табуы оңайға соқпайтын дүние екендігі жасырын емес. Ағаш есіктері, торсыз терезелер қауіпсіздік талаптарына сай келетін бұйымдар. Өрт, жерсілкініс сияқты төтенше жағдайлар барысында темірден жасалған есіктер мен торлар құтқарушы, өрт сөндірушілері үшін қосымша кедергілерді туғызар. Қазақ тоғышар, ұсақ буржуазиялық қауымы күнделікті тіршілікте өз еркінімен темір қамытын киюде.
Дамыған мемлекеттерде әдеттегідей ағаш есіктері мен торсыз терезелер пайдалануда. АҚШ, Ұлыбритания тәріздес көші ілгері елдерде темір есіктері мен торланған терезелерге оқта-текте тап боласыздар. Олардың шіреген байлары ғана күзетшілерді жалдап, темір есік-терезелерінің аржағында өмір сүруде. Ал, тұрмысы орташа азаматтар емін-еркін түрде күшейтілген кіреберіс, торланған терезелерсіз күн көруде. Өйткені, жеке бастың қауіпсіздігін ең алдымен тәуір әдеттер мен сенімнен шыққан дос-жарандар қамтамасыз етуде. Серіктесіңіздер күмәнді біреулер болса, сіздер тас қорғанын салсаңыздар да опасыздықтан бой тасала алмайсыздар. Жар астындағы жауыңыз пәлен жасанды қорғанысыңызды бұзып жарар. Алайда, нулы Африка, томсарған Солтүстік Қапқаздағы жергілікті тұрғындар біздерден де бетер темір көзді үйлеріне өз-өзін қамап ұстаған.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.