Теңбіл доптың қитұрқы жолы

Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем кубогы жаңа есімдерді ашып үлгерді. Мысалы, Колумбиялық балғын жұлдыз Хамес Родригес алты доп соғып, жарқ етті. Коста-Рика ұсақ елінің құрамасы әлем чемпионы Италия мен Еуропа чемпионы Грекияға қарсы өткізген жемісті ойындары да көптеген жылдар бойы естен кетпес. Алайда, жасыл алаңда жарқын сәттермен қатар ұнамсыз оқиғалар да пайда болған. Мәселен, Бразилияға қарсы ширек финал ойында Колумбияның голы есептелмеді. Нидерландыға қарсы ширек финал ойында Коста-Риканың шабуылшысына қарсы ереже бұзуы үшін он бір метрлік тағайындалмады. Керісінше, әлем кубогының алғашқы ойынында Жапониядан келген әділсіз төреші алаң иелеріне жағу үшін Хорватияның қақпасына себепсіз он бір метрлікті тағайындады. Сонымен, бірнеше күшті командалар парақор қазылардың кесірінен жеңісті жолын мезгілсіз доғаруыға мәжбүр болды.

Футбол ойыншыларының аяқтары.

Әлем кубогының ақырғы нәтижесіне қатысты біршама болжамымды шығаруға рұқсат етіңіздер. Жартылай финалда оңай олжаға масаттанған Германия, бірінші орын алмайды. Биылғы чемпионаттағы немістердің бүкіл бақ-дәулеті сонымен аяқталды. Германия құрамасының сүреңсіз әрі шабытсыз ойнау әдісі механикалық қуыршақтарды елестетуде. Немістердің қатарында көрермендерді ұйып әкететін таңғажайып ойыншылар жоқтың қасы. Өз басым, Аргентина құрамасына жанкүйер ретінде тілектеспін. Себебі, олар біздегідей ірі, бейбіт мемлекет. Қазақтарға ұқсап, Аргентина халқы да отаршыл саясаттың құрбаны. Олардың Мальвин аралдары күні бүгінгі дейін Британ басқыншылары иелігінде қалуда. Жер көлемі де біздерден сәл ғана үлкен. Теңбіл доптың сиқыршысы Лионель Месси жетекшілік ететін Аргентина құрамасы аяқдоптың ең биік шыңын бағындырсын дейміз!

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
5 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.