Жақында, Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили украин азаматтығын алып, Одесса аймағының әкімі атанды. Жырақта жүрген қаншама кекілді ағайындар ұзақ жылдар бойы украин төлқұжатын иеленуін аңсайды. Ал, шынжыр балақ, шұбар төс батоно Миша тез арада украин азаматтығын иеленіп, сонымен қатар еуропалық елдегі жоғары лауазымға тағайындалған. Демек, Украинаның буржуазиялық үкіметі ең алдымен әл-ауқатты адамдарды көтермелейді. Оған қоса, Киев билігінің тізгінін ұстаған бибауырмал ебрейлер мен қапқаздықтар көбінесе өз қандастарын қолдап, оларды әлемнің түкпір-түкпірінен жинауда. Пётр Порошенко, Арсений Яценюк, Александр Турчинов пен Владимир Гройсман секілді ебрей халқының бетке ұстар өкілдері өз ұлтына қолынан келгенше септігін тигізеді. Арсен Аваков пен Эка Згуладзе тәріздес Қап тауының тумалары да қарап қалған жоқ. Ұйымшыл келімсектердің арасында берекесі жоқ украиндықтардың үні шықпас, сірә.
Намысын қолдан берген кекілді ағайындар, Қырым түбегі іспеттес ғажайып аймақты орыс басқыншыларына бірде-бір оқ атпай аманат еткендей тапсырып кетті. Кешірілмейтін шегініс жасаған украиндықтар енді үкімет орындарын бөтен кісілерге таратуда. Нәтижесінде, Шығыс Еуропаның байырғы тұрғындары жаңа жеңілістерге душар болды: Дебальцево мен Иловайск «қазандарында» мыңдаған украиндықтар қаза тапты, Донецк әуежайының аумағын жауға қалдырған. Қайғылы ұтылыстарға қарамастан, бишара украин қоғамы жат өкілдерін құшақ жая қарсы алуда. Әрине, жырынды орыс отаршылдары кекілді аңқаулардың кемшіліктерін мейлінше пайдалануда. Сонымен, Киев басшыларының сенімінен шыққан орыс тыңшылары мен сырттан келген бөтен жандар бірлесе отырып, украин елін талан-таражға салуда.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.