Әлбетте, осы ұйымның тарихында мақтанышқа тұрарлық жарқын беттер де баршылық. Мысалы, 2002 жылы оққағар Ермек Үкібаевтың бастамасы бойынша Астанадағы «Royal» казиносының жүгенсіз күзетшілері сазайын тартты: Дмитрий Фролов пен Сергей Губернаторов оңбай таяқ жеді, Сергей Пуха мен Рустам Малаев сотқарлық және наша сақтауы үшін қамауға алынған. Осындай қатаң шараларға қандай оқиғалар түрткі болған? Кентаудың тумасы Үкібаев достарымен бірге келіп, әлгі казиноның кіреберісінің алдында өз автокөлігін тұраққа қойды. Сондай болмашы себептен, саны басым «Royal» күзетшілерімен қақтығысқан президент оққағарлары жеңіліске ұшырады. Келесі күні, есесін қайтару үшін Ермектің қызметтестері тайраңдап кеткен казино содырларын жазалады. Айтпақшы, жақында Күзет қызметінің атауы Мемлекеттік күзет қызметіне ауыстырылды. Сөз жоқ, бұндай өзгеріс мүлдем артық. Монархия бағытындағы тағы бір қадам. Француз патшасы Людовик ХІV «L’État, c’est moi» («Мен өзім мемлекетпін») дегендей, қазақ президенті өз күзет қызметін мемлекет қорғауына теңеді.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.