Челахарда


1987 жылдың 24 ақпанда әлімжеттікке душар болған Қызыл
әскердің қатардағы жауынгер Артурас Сакалаускас сегіз сарбаздарды атып тастады. Иә, жәбір көрген литвалық жигіттің қанды іс-әрекеті бүкіл ҚСРО-ның қоғамыны дүр сілкіндергендей болды. Алайда,
«Арқанкерген» шекара бекетіндегі қасіретті оқиға әлімжеттік санатына жатпайды. Ең алдымен, әлімжеттік деген құбылыс ел шетіндегі қызмет ететін сарбаздарға жат дүние. Олар құрылыс батальон немесе ішкі
әскер сияқты мардымсыздау бөлімшелердей уақытты зая өткізбейді, нағыз азаматтық борыш атқаруда! Екіншіден, аузынан уызы кеппеген он тоғыз жасар Владислав Челах он …

Print Friendly, PDF & Email

1987 жылдың 24 ақпанында, әлімжеттікке душар болған Қызыл әскердің қатардағы жауынгері Артурас Сакалаускас сегіз сарбаздарды атып тастады. Иә, жәбір көрген литвалық жигіттің қанды іс-әрекеті бүкіл ҚСРО-ның қоғамын дүр сілкіндергендей болды. Алайда, «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қасіретті оқиға әлімжеттік санатына жатпайды. Ең алдымен, әлімжеттік деген құбылыс ел шетіндегі қызмет ететін сарбаздарға жат дүние. Олар құрылыс батальоны немесе ішкі әскер сияқты мардымсыздау бөлімшелердей уақытын зая өткізбейді, нағыз азаматтық борыш атқаруда! Екіншіден, аузынан уызы кеппеген он тоғыз жасар Владислав Челах он бес қаруланған әріптестерін жалғыз өлтіргеніне сенетін адамдар аз. Ұйғыр сепаратистері мен қытай әскерилерінің де осы сұмдық қылмысқа қатысы жоқ. Ұйғыр сепаратистері әдеттегідей қалалар мен ауылдарда төбелес-қақтығыс арқылы зымиянды жоспарларын жүзеге асыруда. Ал, қытай әскерилері Ливия мен Грузияны бомбаламады, Ауғанстан мен Ираққа басын сұқпады. Демек, Пекиннің саясаты Ресей мен Американдық озбыр әрекеттерімен салыстырғанда, әлдеқайда тәуірлеу һәм бейбітті.

Беті жасырылған, қаруланған адамның белгісі.

 

Осы Челах шабуыл жасағандардың сыбайласы немесе қанды қырғынның аман-сау құтылған куәгері. Бәлкім, диверсанттар қазақтар, кәріс пен немісті құртып қандасын аяған шығар. Владиславты біздердің тергеуші-жоқшылар көп ұзамай ұстап алды. Бірақ, тергеуші-жоқшылар алғашқы кезеңде жоғары жақтылардың бұйрығын күтіп, не істерін білмеді. Ақыр соңында, әлімжеттік туралы ертегі ойлап тапты. Көпвекторлық саясатымыз бойынша, сезікті көршілерімізді ренжітуге болмайды. Сондықтан, қарапайым қарағандылық жігітке кінә тағу ең оңтайлы әдіс боп көрінеді. Әлгі Ресейдің басшылары тіпті көңіл айтуды жөн санамады. Керісінше, жарамыздың аузын ашу үшін Астанаға Путиннің сапарымен бірге Сары-Шағанымызға зымыран атқылады. Тасбауыр жетекшілеріміз «Арқанкерген» оқиғасына орай тұңғыш рет жалпыұлттық аза күнін жариялады. Тамыр-таныстық, сыбайлас жемқорлық арқылы саясат жүргізетін ақордалықтар тағы бір мәрте біздерді қан қақсатты. Парақор генералсымақтар орнына отпен кіріп, күлмен шығатын нағыз сардарларды тағайындау керек.

Қызылағаш су тасқынының құрбандары немесе Жаңаөзендегі шәйіттер үшін жалпыұлттық аза күні жарияланбады. Өйткені, мұнайшылар мен ауылшаруашылық жұмысшылары қара сүйек санатына жататын базбіреулер. Ал, шекарашылар қаһарлы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері болған соң, биліктің негізгі тіректері боп саналады. Сондықтан, ақордалықтар лажсыз аза күні жариялап жіберді.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
25 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.