Жетінші көкекте режиссер Рүстем Әбдіраштың «Балалық шағымның аспаны» атты фильмі тұңғыш рет көрермен қауымға ұсынылған. Белгілі бір қайраткерге арналған, бұл кинематографиялық шығарманың осал тұстары мен артықшылықтары туралы басқа адамдар пікір айтсын. Мені қызықтырып әкеткен жағдай — осы фильмнің ресми афишасы (жарқағаз). Бұл афишаны алғашқы рет көзімен шалып қалғанда, бірден Роджерс пен Хаммерштейнның әйгілі киномюзиклы «The Sound of Music» («Саз әуендері», 1965, режиссёр Роберт Уайз) есіме түсті. Өйткені, аталған киномюзикл афишалардың біреуі, біздердің көркемдеушілер шабыт көзі болғаны тайға таңба басқандай көрінеді.
Әрине, әлемдегі ең үздік туындыларды ой елегінен қайта өткізгені дұрыс. Бірақ, әу баста ұлттық бояуын сақтап, шетелдік өзгешеліктерге еліктемегені жөн. Мысалы, атақты суретші-көркемдеушілер Дмитрий Бисти мен Борис Пак халықаралық өнердің жетістіктеріне теңелсе де, өз жасампаздық қолтаңбасынан айырылмады. Қазіргі кезде, фильмдердің тақырыптары, оларды түсіру арнайы әдістері мен актёр ойыны ерекшеліктері көбінесе шеттен алынса, сонымен қатар кинокеңістіктің көркемдеу тәсілдері де негізінен бөтен елдерден әкелінеді. Саясат пен өндіріспен бірге, мәдени саласында да егемендігімізді қорғауымыз қажет.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.