Шетел тілдерінің қазақи аудармалары

Қазақ тіліне шетел тілдерін тікелей аударатын сөздіктер баяғыдан бері жарық көруде. Саясаткер Нұртас Оңдасынов араб пен парсы лұғаттарын құрастырып жіберді. Ағылшын, неміс пен француз тілдерінің сөздіктері басылған. Бірақ, осындай ғылыми кітаптардың дені қағаз түрінде ғана оқта-текте кездеседі. Интернеттегі тегін таратылатын сөздіктердің саны тым аз. Көптеген зерттеушілер мен оқушылар бұндай кітаптарға зәру. ABBYY Lingvo тәріздес көптілді электрондық сөздіктер қазақ тілін тек қана орыс тіліне аударады. Гугл аудармашысы әлі күнге дейін қазақ тілін өңдей алмайды. Абырой болғанда, қазіргі таңда кейбір сайттар ана тілімізді басқа тілдермен сөздіктер арқылы қосақтауда. Мысалы, аудармашы веб-торабы қазақ сөздерін ағылшын мен орыс тілдеріне аударады. Өз кезегінде, ағылшын, қытай, орыс пен француз сөздері ана тілімізге аударылады.

Қытайша-қазақша сөздігінің үзіндісі.

Әрине, біздердің мәдениет, халықаралық қатынастарымыз үшін мынадай ғаламтор парақтарының санын көбейткенімізге не жетсін? Орыс сөздіктеріне тәуелді болғанымыздан құтылғанымыз жөн. Украинадағы қасіретті оқиғалар тіл мәселесінің маңыздылығының тағы да бір дәлелі. Достас кекілді жұрт өз тілінде еркін сөйлесуі үшін жанын қиюға даяр! Өйткені, дамыған ауызша мен жазбаша тіл — егемен елдің рухани тірегі. Бөтен тілге сүйенетін халық бөгде мемлекетке кіріптар болуына ешбір күмәнім жоқ.  Ал, тіл мәселесінің оң шешуіне жеткізетін негізгі құралдардың бірі — көптілді сөздіктер. Сылдыр той-думандарға шашылатын ақшаны нағыз ғылыми еңбекке жұмсау керек. Көптілді сөздіктер аса қыруар қаржы-қаражатты талап етпесе де, орасан зор аудармашылық жұмысының берік негізі болып табылады.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
39 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.