Шикі деректердің кесірі

2013 жылдың 29 қарашада саясаткер Н. Назарбаев «Болашақ» стипендиаттарымен кездесуін өткізді. Әдеттегідей, осындай
кездесулер барысында кәнігі саясаткер неше түрлі пікірлерін ортаға салады. Бұл жолы да Шапыраштылардың көсемі бірнеше идеяларын паш етті. Олардың арасында тіл саясаты жөніндегі пікірлер елеулі орын
алды. Миллиардер әрі президент тағы да қазақ қоғамы үшін ағылшын пен орыс тілдердің қажеттілігін сөз еткен. Бәлкім, оған жарнама үшін ағылшын пен орыс тілдерін даму қорлар ақшаны төлеуде. Алайда, осы
мақаланың жазуына түрткі болған себебі басқа. Н. Назарбаев қате деректерін пайдаланды. Оның айтуынша,
дүниежүзінде …

Views: 0

2013 жылдың 29 қарашасында, саясаткер Н. Назарбаев «Болашақ» стипендиаттарымен кездесуін өткізді. Әдеттегідей, осындай кездесулер барысында кәнігі саясаткер неше түрлі пікірлерін ортаға салады. Бұл жолы да, Шапыраштылардың көсемі бірнеше идеяларын паш етті. Олардың арасында тіл саясаты жөніндегі пікірлер елеулі орын алды. Миллиардер әрі президент тағы да қазақ қоғамы үшін ағылшын пен орыс тілдерінің қажеттілігін сөз еткен. Бәлкім, оған жарнама үшін ағылшын пен орыс тілдерін даму қорлары ақшаны төлеуде. Алайда, осы мақаланың жазуына түрткі болған себебі басқа. Н. Назарбаев қате деректерді пайдаланды. Оның айтуынша, дүние жүзінде жарық көретін 10 миллион кітаптың 85% ағылшын тілінде. Осындай күмәнді деректі қайдан алынғаны белгісіз. Ал, ЮНЕСКО-ның ресми статистикасына сүйенсек, соңғы уақытында әлем бойынша жыл сайын шамамен 2,200,000 кітаптар жарық көруде.

Адамдарды бейнелейтін түрлі-түсті сурет.

Иә, әлем бойынша ағылшын тілді АҚШ (2011 жылы 292,037 жаңа кітап атаулар шығарылған) пен Ұлыбритания (2011 жылы 149,800 жаңа кітап атаулар шығарылған) кітап атауларының шығару жағынан бірінші мен үшінші орындарында жайғасқан. Соған қарамастан, жаһанда шығарылған кітаптардың басым көпшілігі ағылшын тілінде емес. Мысалы, бесінші орында тұратын ағылшын тіліне құмар Үндістан да 2004 жылы 82,537 кітап атауларын шығарса, олардың арасында 63,785 туындылар хинди мен басқа үнді тілдерінде бастырылған. Англофил үнділер өз кітаптарының 85% ағылшын тілінде шығармаса, екінші орында жайғасқан Қытай да (2012 жылы 241,986 жаңа кітап атаулар шығарылған), немесе төртінші орында тұратын Ресей де (2012 жылы 116,888 кітап атаулар шығарылған) қытай мен орыс тілдеріндегі кітаптарына баса назар аударады!

Likes(0)Dislikes(0)
16 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.