Әдеттегідей, жоғары технологиялардың дені Солтүстік Америка, Батыс Еуропа мен Жапония сияқты аймақтардың арқасында дамып тұр. Сөз жоқ, негізгі өндіріс пен ғылыми зерттеулерін олар атқаруда. Бірақ, өзге аймақтардан шыққан тұлғалардың еңбегі де орасан зор. Мысалы, Әзірбайжанда туған американдық математик Лютфи Заде электрон-есептеу машиналарының жетілуі үшін маңызды “анық емес жиынтықтар” (fuzzy sets) деген ұғымды ойлап тапты. Күллі жиһанға әйгілі кәсіпкер Стив Джобстың биологиялық әкесі сириялық араб екен. Әрине, ата-бабаларының қасиеттері американдық компьютер іскеріне ықпал жасағаны болса керек. Әлемдегі ең бай адам — Латын Америкасы ұялы байланыс саласының көшбасшысы мексикандық кәсіпкер Карлос Элу Слим — ливан арабтарының тұқымы.

Ғалымдар арасында қоғам мен табиғаттың арасалмағы төңірегінде қызу пікірталас орын алуда. Кейбіреулер қоғамдық жағдайларды артық көреді. Олардың пайымдауынша, ататегінен гөрі пәлен мемлекеттің әлеуметтік құрылымы, оқу-тәрбие жүйесі басым түседі. Керісінше, басқа зерттеушілер генетикалық жағдайлардың аса маңыздылығына мегзейді. Бұлардың ойынша, пәлен адамның жетістіктері мен олқылықтарын ең алдымен табиғи алғышарттар қалыптастырады. Әлбетте, осы пікірсайыс жөнінде дауыссыз шешімді кесіп айтуы екіталай. Дегенмен, асыл тұқымды тұлғалар кез келген қоғамда жолын табар еді. Таң қалдыратын табысқа жетпесе де, абыржып қалмас еді.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.