Маналы бері, мынадай құбылыс етек алуда: үлкен ұйымдар өз телефондарын жасырып тұр, электрондық поштасын да жариялауға ынтасыздығын танытуда. Тек қана кезекші-вахтерлерінің телефон нөмірлерін көрсетіп, басқа қызметкерлерімен тікелей байланысына тосқауыл қоюда. Әрине, жырынды журналист немесе жол көрген тергеуші қарап қалмас, қажетті ақпаратты ақыр соңында тауып алады. Бірақ, қатардағы тұтынушылар мен қарапайым азаматтар үшін ірі мекемелердің осындай томаға-тұйық саясаты неше түрлі қиыншылықтарды туғызатыны сөзсіз. Мысалы, «Интерпол» халықаралық құқық қорғау ұйымы өз телефондарын құпияға айналдырды. Электроника бұйымдарын шығаратын «Сони» алпауыт кәсіпорыны да пайдаланушыларының қоңырау шалғанын жақтырмайды. Интернеттегі жетекші фирмалардың бірі «Гугл» де тікелей телефондары мен имэйлдерін бұқара халқына қимайды.
Жоғарыда келтірілген мекемелер, сөз жүзінде көпшілік алдында ашықпыз дейді. Алайда, іс жүзінде бұқпантайлап, қарабайыр тұтынушыларын менсінбейді. Қазақстанда да паңданып кеткен әкімсымақтар баршылық. Мәселен, миллиардер-ауылнай А. Есимов өз қабылдау бөлмесінің телефон нөмірін жасырып тұр. Бұл кісі қорғаныс саласында істейтін атақты ғалым емес, күрделі опера-симфонияларын жазатын белгілі сазгер де емес. Неге інге кіргендей, тығылып тұр? Алматы қаласының бұрынғы әкімдері Заманбек Нұрқадилов, Жеңімпаз Қорылдақов пен Иманғали Тасмағамбетов қазіргі шопан-шопырдай әсем шаһардың тұрғындарымен жасырынбақ ойнамады. Амур аймағының бұрынғы әкімі Владимир Полеванов жергілікті теледидарының тікелей эфирінде үйінің телефон нөмірін мыңдаған көрермендерге паш етті. Жігіт екенсің, Володя! Халықтың нағыз тіректерінің бірі Полеванов мырза!

