Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Шығыс Қазақстан аймағының біртуар перзенті Ғаббас Қабышұлымен сұхбатты оқырмандардың назарына ұсынамын. Осы әңгіме 2020 жылдың 12 ақпанында орын алған. Төменде, оның аудио жазбасы мен стенограммасы келтірілген.
Сіз ауызша бірдемені айтыңызшы Мұқағали Мақатаев туралы. Бір ауыз сөз! Ол қандай кісі болды өмірде?
Ол Мұқа, Мұқа… Менің тамағым ауырып кішкене, қиналып тұрғанмын.
А… Иә, иә!
Ол мықты ақын болды, жақсы ақын болды. Оған ешкімнің дауы жоқ. Бірақ, анда-санда бір компанияларда ішіп қоятын. Мақтайтын біреулер әрқашан орталарына алып, сол сүйтіп жүретін. Анда, бір осал жақтары бар болады оның. Бірақ, кейбіреулер жүргендей, ол хулиган болған жоқ. Ол, осы әлі кітап шығара алмай кетті, ешкімге жақпай кетті. Оның бәрі бекер сөз. Менде қай жылы, қандай кітап шықпай — бәрінің тізімі бар. Одан кейін, ол жазушылар Одағынан шығарылған жоқ. Оны Олжас Сүлейменов шығарам деп, попытка жасап, жиналыс ашып, өзі масқара боп, жұрттың бәрі күліп, тарап кеткен. О кезде, Әнуар Әлімжанов бірінші секретарь шетелде жүрген. Келгеннен кейін, естіп: “Мұқағали! Ой, шырағым-ай! Он же… Ол Мұқағали ғой. Онда не шаруаларың бар?” деп, ешқандай Одақтан шығарылған жоқ. Қайта, Әнуар дереу өлеңдерін орысшаға аудартып, Москвада аудартып, “Зов души” деген сборнигін шығартырды. Өзі алғысөзін жазды Әнуар.
Ал, мен таң қаламын: осы Олжас Сүлейменов неге Мұқағали Мақатаевқа солай қарсы шықты? Оның себебі неде?
Жаңағы, мынаны нетейін. Әуелі, содан кейін оны Москваға оқуға жіберді Мұқағалиды. Егер Одақтан шыққан болса, ондай жасамайды ғой.
Иә.
Сондықтан, Әнуар оның барлығын еткен. Ол Одақтан шыққан жоқ. Оның бәрін… Мен осында қызмет істегенмін. Жақсы білемін. Ал, Олжас болса… Ол, Олжас моральный жағынан қазаққа ешқандай пайда келтірмеген адам. Самореклама. Сосын, Қонаевтың қолтығына кіріп алды, “Земля, поклонись человеку!” деп. Земля — это мать. Любой народ говорит: “Земля — это мать“. Матька “поклонись человеку” деген — это абсурд!
А…
В любом случае, мать никому не должна, никакому. Вот, у него есть фраза: “Земля, поклонись человеку. Я — твой бог” дейді. Разве это нормально?
Ха-ха-ха!
Одан кейін, ол “казахский язык — это кухонный язык” деді. “Без русского языка, — говорит, — культура Казахстана не может процветать” дейді. Сосын, “полная независимость для Казахстана — это опасно” деді.
Иә, иә.
Он что говорит, то и болтает чушь.
Иә, иә.
Вот, он ненавидел Мукагали, потому что народ любил Макатаева. Цитировали, песни пели, стихотворения наизусть знали многие. Вот, поэтому…
Ал, Олжастың осындай бір өзгешілігі бар. Оның өлеңдерінің негізінде ешбір ән жоқ. Ал, Мұқағалиның өлеңдерінің негізінде көп әндер бар.
О, Мұқағали… Он в десять раз выше, чем Олжас! Олжас — ол городской парень, ауылды көрген жоқ. Вот, потом: “аул“, “беркут“, “степь“. Анау-мынау… Для него это всё — сказка.
Ха-ха-ха!
Это действительно так.
Сосын, айтыңызшы. Мүмкін, сіз кішкене осы кісі көрдіңіз? Михаил Шолохов туралы естеліктеріңіз бар ма?
Жоқ, мен Шолоховты көрген жоқпын.
Көрген жоқсыз?
Көрген жоқпын.
А Бауыржан Момышұлы?
О! О кісімен көп әңгімелестік, көп кездестім. Очень прямой, очень чистый, смелый человек был! Кейбіреулер, бұл “грубиян“, анау-мынау дейді. Всё это тоже брехня! Он чуть малейший, бір, нарушение болса, қазақтың әдеті-ғұрпына келмейтін, салтына келмейтін, традициясына келмейтін малейшее нарушение болса, сразу отпор давал таким грозным голосом! Вот, поэтому многие говорят: “Ой, он был грубиян!” Это всё брехня! Мен жазушылар Одағында отыз жыл қызмет істедім.
Отыз жыл?
Да. “Қазақ әдебиеті” газетінде. Потом директором Литфонда, председателем художественного перевода и литературной взаимосвязи. Потом последние два года вторым секретарём правления Союза. Как жасым алпысқа толды, “жастарға орын беремін” дедім де, бері шығып кеттім. Они, олар айтты: “Пока істеңіз, Литфондыны қайтадан қолға алыңыз” деп. Мен айттым: “Нет! Молодёжь растёт, соларға жол беріп, отырмаймын” деп, кетіп қалдым. Так что, отыз жылда Сәбит Мұқанов, Ғабит аға, Ғабиден аға бәрімен, бәрімен мен көп араластым. Так что, көбін почти жақсы білемін: қайсы қандай екенін.
Сол, осы Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин, басқа қазақ жазушылары, үлкен жазушылары, олардың арасында сізге қандай жазушы ең жақыны, ең сүйікті болды?
Ол, әрине, әрқайсы өз өрісі бар ғой. Егер адамгершілік жағынан айтсам, Сәбит Мұқанов — самый простой! Өте аңқылдаған, қонақжай. Осы очень ашық адам болды! Кейде, білімі кішкене жетпейді. Көп оқыған жоқ қой о кісі. “Менің мектебім — өмір” деген сияқты. Кейде, саяси қателесіп сөйлеп қалатыны болған. Соны, қолма-қол сөйлеп қалғанда: “Сәбе! Олай емес қой. Ол былай ғой” деп айтсан: “А? Солай ма еді? Өзім де ойлаған жоқпын” деп, күледі.
Аһа.
Бәйбішесі айтады ғой: “Москвада, анау, оқыған Интернациональное объединение бір мектепте. Сонда айтады ғой: “Алматылық кім келсе, тиіп алып келеді” дейді. Өзіме де ақша жетпейді. Ақыры, мен бір жұмыс тауып алып, орналастым. Но гонорар келіп тұрады. Соны өзі дәл сүйтіп жүріп, Москвада екі қазақтың баласына кеңсе алуға көмектесті. Үйге алып-келіп, тойларын жасасты” дейді. Ол самый ақылды! Ең бір қарапайым, ашық, аңқылдаған. Ол — Сәбит Мұқанов. Одан кейін — Ғабиден Мұстафин. Адам ретінде өте ақылды, өте сабырлы болды. Мен Литфонда директор болып тұрғанда, бір күні келді. Былай, ұзақтан көріп, коридордан: “Сәлеметсіз бе?” деп жүретінмін. Маған бір түрлі болады. Үлкен адам, галстук киіп жүрген адам: “О, Ғаба! Жоғары шығыңыз, жоғары шығыңыз” деп. Сосын келіп: “Жағдайың қалай? Анау-мынау” деп, отырды. “Қайдансың?” деп, бәрін сұрап. Сосын: “Аға! Қандай шаруаңыз бар? Айта қойыңыз” дедім. “Мен саған бір-ақ шаруамен келдім ғой, шырағым” деді. “Мынау Литфонд, бұл өте! Бұдан ақша да керек, анау да керек, мынау да керек. Кісілер көп болады. Неше түрлі сөз болады. Бұл өте, шырағым, байқа! Бірақ, мен сияқты еріккен шалдар ақша сұраса, беруші болма” деді.
Ха-ха-ха!
“Біз, — дейді, — Ғабит (жазушы Ғабит Мүсірепов -Д.Н.), Сәбит, анау… Біз — қызылқой шалдармыз. Біз ақшаны еріккеннен сұраймыз. Сен қорықпа. Бізге ақша беруші болма” деп, күледі. “Ал, сен жастарға көмектес. Үйсіз жүргені бар. Кітабын шығара алмай жүргені бар. Сол жастарды қамқорлық ал. Соған жақсылық жаса! Ал, шалдардың біреуі қорқытып, бірденке дей бастаса, анау Әнуар Әлімжанов ол біледі жақсы,000 кімнің кім екені. Ол сені жауға бермейді” дейді, күліп. Сосын айтамын: “Аға, енді бір командировка, анау-мынау, керек болса” дедім. “Жоқ, айналайын! Мен саған жаңа айттым ғой: “Бізге, қызылқой шалдарға, қарама” деп, күліп шығып кетті.
Бұл рас па? Анау, Мұхтар Әуезов сараң кісі болды, қиын кісі болды?
Енді, о кісі… Мен о кісіні көрген жоқпын. Бірақ, айтарым: Сәбит Мұқанов ақсақалменен бірнеше рет әңгімелестім. Менің әкеммен кедей жасты екен. Соны, әкем сізбен жасты дегенді айтты. “Эй! Старый большевик екен ғой” деп. Содан кейін, Мұхаң туралы сұрадым ғой: “Мұхтар Әуезовті көре алмадым. Қандай адам еді?” деп. “Эй, ол заңғар ғой, заңғар! Ол — заңғар ғой” деді. Сосын, айттым: “Мен де естігенмін: біреулер сараң дейді“. Анау: “Ой, қой! Ол бекер. Біреуге ақша береді. Соны уақытында қайтармағанды ғана ашуланып, жек көретін. Алдың ба? Айттың ба? Сол уақытында қайтар. Қайтармаған адамға айтатын: “Саған екіншігәрі мен қараспаймын” деп, сондай бір бүлк ететін кезі болды. Бірақ, “сараң, анау-мынау” оның бәрі қазақтың қыртымбай сөзі.
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.