Қазақсымақ Ресей ғарышкерлері
Қазақсымақ Ресей ғарышкерлері

Қазақсымақ Ресей ғарышкерлері

Views: 13

Қос бірдей “қазақ” космонавтары — Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев — Ресей азаматтары болған соң, ең алдымен осы елге қызмет етуде. Ал, Қазақстан олар үшін қосымша пайда, атақ-құрметінің қайнар көзі болып табылады. Әлгі, орыс-кәріс боксшысы Геннадий Головкин сияқтанып, олар да қазақстандық салық төлеушілерінің арқасында қомақты табыс өндіру үшін анда-санда айта салады: “Мен — қазақпын!

Ғарышкер Әубәкіровтың орыс шетел төлқұжаты туралы анықтама.

Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды! Ата заңымыздың 10-бабы, 3-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасында қос азаматтыққа жол жоқ. Алайда, бірнеше мемлекеттің төлқұжатын иемдейтін “қазақстандықтардың” саны аз емес. Оларға айыппұл салып және/немесе қазақ азаматтығынан айырып, депортациялау керек. Әлгі кісілердің орыс төлқұжаттары нөмірлерін көрсететін фотосуреттер осы әділ ұстанымға айғақ.

Ұшқыш Тоқтар Әубәкіровтың орыс төлқұжаты мен Мәскеу мекенжайы туралы анықтама.

2022 жылғы 5 қаңтарда жарияланған орыс ұшқыш-ғарышкері Әубәкіров Т.О.-ның теледидар үндеуі көбінесе бейбіт, қарусыз қазақтардың қырып-жоюына жетелеген себептердің бірі. Төкең шақырған шетел оккупациялық күштерінің дені — ресейлік жауынгерлер. Демек, ғарышта самғаған арғын баласы туған жеріне опасыздық жасап, генерал Власов пен маршал Петэн сияқты сатқындардың төмен дәрежесіне құлдырап түсті.

Космонавт Мұсабаевтың орыс төлқұжаты мен Ресейдегі мекенжайы туралы анықтама.

Айтпақшы, мен қайғылы қаңтар кезінде Мәскеуде болдым. Ресейдің “Говорит Москва” радиостанциясымен 2022 жылғы 6 қаңтарда сұхбаттасқанда, Қазақстандағы тәртіпсіздік үшін РФ пен Қытайды айыптадым. Ал, Мәскеудің еркесі Мұсабаев Т.А. бостандықты аңсаған жерлестерін құптамады.

Талғат Мұсабаевтың орыс төлқұжаты мен мекенжайы туралы анықтама.

Негізінен, азаматтық авиацияға берілген орыс ұшқыш-ғарышкері Мұсабаев Т.А. РФ үшін әдетте экономикалық әдістермен пайда келтіруде. Мысалы, Талғат қазақ ғарыш мекемесінің басшысы ретінде орыстың сапасыздау, ескірген, бағасы тым қымбат жер серіктерін Қазақстанға сатқызды. Оған қоса, ұлтжанды көрінуге тырысқан Төкеңдей емес, шала татар Такең ешуақытта орысшыл болғандығын жасырмады.

Жарайды, қазіргі таңда қазақ әскерінің дәрменсіздігі соншама, олар тіпті армян және белорус басқыншыларына төтеп бере алмады қайғылы қаңтар уақытында. Бірақ, Атамекеніміздің осалдау қорғаушыларының арасында да патриоттар баршылық. Мәселен, бұрынғы ҚР қорғаныс министрі Мұрат Бектанов шетел оккупантарына Ресей империясымен арпалысқан Кенесары Қасымов немесе Қытаймен соғысқан Оспан батырдай қарсылық білдірмесе де, отандық пен келімсек жендеттермен бірге қазақтарға қиянат келтіруден бас тартты. Неге орысқұлдардың зынданына қамалған ардақты Мұрат Кәрібайұлының мұздай қаруланған әріптестері оны қорғамады? Олар Мұхаңды қайтадан қорғаныс министр лауазымына тағайындауына қай себептен көмектеспей жүр?!

Likes(0)Dislikes(0)
13 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply