Қазақ тіліндегі қысқа хат (SMS)

Ұялы байланыс пайдаланушысы ретінде, қазақ тіліндегі қысқа хат жіберуі қиынға соғатын. Менің қарапайымдау қалтафондарым бұл мүмкіншіліктен кенде. Таяуда, ғаламторды шарлағанда қазақ әріптерін қолдайтын сайтты тауып алдым. Осы мекенжайға кірсеңіздер, қазақи хаттарыңызды тегін жібере аласыз. Бір ғана кемшілігі: сіздердің хаттар бағытталған адамдарыңызға лезде келіп түспейді. Сәл күтуге мәжбүр боласыздар. Әдеттегідей, ғаламтордағы қысқа хат жіберетін сайттар сіздердің хабарламаларды бірден жеткізе алмайтындығы жасырын емес. Әрине, осы сайттың ең басты құндылығы — қазақ әліпбиімен жазылған қысқа хаттарды өңдеуі. Әйтпесе, жоғары технологиялар саласындағы кенжелеп келе жатқан ана тіліміздің жағдайы көңілдегідей еместігі баршаға аян нәрсе. Абырой болғанда, жырақта жүрген беймәлім шетелдіктердің арқасында қазақ тілінің мерейі үстем болғандығына ризамын. Өзекті мәселелер жөніндегі өз пікірімді ортаға салуға рұқсат етіңіздер.

СМС-ті суреттейтін конверт пен қалтафон.

Украинадағы заңсыз қимыл жасаған әлгі орыс терроршылары тағы да адамзатқа қарсы қылмыс жасады. Ресейден келген жендеттер 300-ге жуық бейкүнә адамдарды тасыған малайзиялық «Боинг-777» азаматтық ұшағын жойды. Қаза тапқандардың арасында демалысқа бет алған голландиялық азаматтар басым. Жауыз ресейшіл әрекеттен көптеген малайзиялық, АҚШ пен неміс азаматтарының да өмірі қиылған. Осындай хайуандықтан кейін әлемнің дамыған елдері тағы да үнсіз қалса, халықаралық қауымдастықтың беделі түкке тұрмайтын нәрсеге айналмақшы. Батыстың сыпайы дипломаттарының орнына, батыл әскерилер нақты шаралар атқаруы тиіс. Озбыр Кремльді ауыздықтау үшін шешен сөзі мүлдем жарамсыз боп шықты. Тайгадан шыққан аю әңгір таяқтың тілін ғана жақсы ұғады. Жер жүзіндегі ең үлкен террорист — Ресей үкіметі! Бейбіт мемлекеттердің бірлескен қимылы ғана қылмыскер режимнің тас-талқанын шығарады.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
36 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.