Көшпенділі өмір-салтымыздың дәстүрлері күні бүгінгі дейін сәулеттік өнеріміздің дамуына тұсау салғандай. Кең-байтақ елімізде бой көтерген әдемі ғимараттар үшін орын табуы оңай шаруа емес. Гонконг пен Монако секілді таршылық мұңын бастан кешетін кішігірім елді мекендердей тәуір құрылысқа жеріміз жетіспей ме?!
Алматы қаласындағы кейбір жаңадан салынған ғимараттар сәулет өнерінің ережелеріне, санитарлық пен гигиеналық талаптарға қайшы келеді. Мысалы, Шевченко мен Клочков көшелерінің қиылысында салынған ғимарат тұрғын үйдің терезелерін күн сәулесінен тасалайды, әдемі көше көрінісінің орнына тұрғындар заңсыз салынған ғимараттың артқы терезелерін «тамашалауға» мәжбүр.
Дәл осындай заңсыз ғимарат Төле би мен Әуезов көшелерінің қиылысында салынған. Сіздердің терезелерге мынадай заңсыз құрылыстар кедергі келтірсе, не істер едіңіздер? Әрине, бұндай заңсыз ғимараттарды қирату керек, олардың құрылысына рұқсат берген кызметкерлерді жазалау қажет. Әсем қаламыздың көркін кетіретін құрылысқа жол берілмесін!
Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.