Атымен қазақ, затымен орыс NUR.KZ ақпараттық агенттігінің қазақ нұсқасы да ресейдің шашбауын көтеруде. Осы басылымның мемлекеттік тіліміздегі мақалаларының көбісі оның орыс нұсқасының аудармасы болып табылады. Таңданатын түк те жоқ. Өйткені, қара ниетті “нұрлықтар“-дың бас редакторы Павел Притчин, оның орынбасары Елена Беленко және шеф-редакторы Елена Антипина секілді келімсек жетекшілер негізінен қазақ ақшасының арқасында күн көрсе де, өз тарихи отаны ресейдің қамын жейді. Осындай сайқал ақпарат саясатының кезекті дәлелі ретінде 2025 жылғы 1-ші көкекте жарияланған Айтолқын Кеңесханның “Рамзан Кадыровтың 17 жастағы ұлы ІІМ-ге қызметке тағайындалды” атты жазбасын ортаға саламын.
Шешенстанды басқаратын орыс қуыршағы люлю кафыров па, әлде газман мойдодыровтың туған баласына арналған бұл жарияланым орыстың тасбауыр ТАСС ақпараттық агентігінің жаңалығына негізделген. Әрине, анда-санда осы әскери қылмыскер жөнінде де айтуға болады. Бірақ, оны ұлықтау емес, айыптау қажет. Есесіне, “нұрлықтар” әлгі жендетті “шешен республикасының президенті” деп, жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Алайда, Джохар Дудаев, Зелимхан Яндарбиев пен Аслан Масхадов сияқты Ичкерияның даңқты президенттеріндей емес, люлю кафыровты орыстардың өзі “Шешенстанның басшысы” деп, кемсіткендей атайды.
Биыл, қатыгез күйеуінен жан сауғалап қашқан чешен әйелі Эльза Солтаева, елімізді паналады. Алайда, қапқаздық кафыровшылардың жергілікті әріптестері нәзік жанды қашқынды бірден ұстап алды. Әдетте, тоқаевшыл полицайлер тіпті ауыр қылмысқа тосқауыл қоюға асығар емес. Дегенмен, бұл жолы ресейдің алпауыт жендеттерінің бірін пір тұтып, тоқаевшылдар байғұс Эльзаны кері қайтаруға ұмтылды. Тек қана әлеуметтік желілердің мыңдаған пайдаланушылары наразылығының нәтижесінде қандықол тоқаевшылдар азаттықты аңсайтын чешен әйелін босатып жіберуге мәжбүр болды.
Айтпақшы, мен соңғы жылдары Гүржістан, Өзбекстан мен Украинада жүргенде чешен бостандық сарбаздарының “Кавказ-центр” сайтын еркін түрде оқыдым. Ал, Қазақстанда бұл сайтқа басқа ресей аймақтарындай тыйым салынған. Өйткені, Қазақстан қытай-орыс провинциясы болып табылады. Салыстырмалы түрде, 2000-шы жылдардың басында осы сайт елімізде де оп-оңай ашылатын. Себебі, сол заманда біздер біршама егемен мемлекет болғанбыз. Ол ол ма, ресейдің кесірлі сыртқы саясатының салдарынан еліміз “МакДональдс” іспетті мықты халықаралық компанияның жергілікті кәсіпорындарынан айырылды, “Гугл Мапс” тәріздес жоғары технологиялық фирманың Қазақстандағы қызметі шектелген және тағы басқалар.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.