Жақында, осы қазақстандық сайтты сынаған болатынмын. Алайда, әлгі ғаламтор порталының шикі жерлері соншалық, оларды қайтадан қатал шолудан өткізуге мәжбүрмін. Себебі, қоғам алдындағы борышымды орындағанына не жетсін?
Енді, осындай мәселені қозғасам, артық болмас. Өйткені, еліміздің маңызды жағдайларын ой елегінен тағы да өткізу қажет. Себебі, олардың мән-жайын анықтағаны жөн. Мысалы, әлгі бұқаралық ақпарат құралының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі саяси жаңалықтар айдарының шеңберінде негізінен стукач-гебисттерді дәріптейтін жарияланымдар жарық көрді. Кәрі мәскеулік тыңшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке басы пайдасына арналған кездесуі туралы жазбаның жанында еуразиялық одақтың жас тыңшысы Руслан Сарқұловтың жаңа жемқор орнына тағайындалуы жөніндегі ақпарат жарияланған. Демек, тіміскілейтін жендет-террористер ұрпақтарының сабақтастығы тағы бір рет оқырман қауымының алдында паш етілген.
Ол ол ма, шетелдік қанішерлерді мадақтаудан да тайынбайды “Нұр.Қз” ақпараттық порталы. Мәселен, бір айдан соң, 2024 жылғы 23 қазанда әлгі қазақстандық сайт чешен террористі Рамзан Қадыровты мақтайтын жазбаны шығарды. Яғни, біздердің өскелең ұрпаққа осындай әскери қылмыскерлер үлгі ретінде көрсетілуде. Сайып келгенде, бүкіл әлемнің орасан зор оқиғаларының арасында бұндай пасық жаңалықты таңдағаны — осы БАҚ-тың орысшыл ұстанымын айқын дәлелдейді. Әрине, осындай орынсыз, қисынсыз ақпарат саясатының түпкі мақсаты — келмеске кеткен Кеңес Одағының тірілтуі болып табылады. Украинадағы соғыста оңбай ұтылып жататын озбыр Ресеймен бейбіт Қазақстанды қосақтайды әлгі ресейшіл портал.
Әлбетте, қиянатшыл күштердің шашбауын көтеретін “қазақстандық” басылымның “ерліктерін” одан әрі тізбектеп баяндасақ, айтарымыз ағыл-тегіл болар еді. Мысалы, 2024 жылғы 29 қазанда осы БАҚ елімізді масқаралаған алаяқ штангист Илья Ильин жайында тұрмыс-тіршілік жаңалығын жариялады. Допинг дау-дамайына белшесінен батқан осы спортшы Қазақстан бюджеті есебінен жалған жеңістер үшін өндірілген қыруар қаржы-қаражатты кері қайтармады. Және де өтірік жетістіктерінің арқасында алынған сыйлық-марапаттар, көлік-пәтерлерден бас тартуға Илья Ильин асығар емес. Есесіне, әлгі жылпос кейіпкерді “Нұр.Қз” батыр деп санайды. Тағы да, нағыз қаһармандардың орнына жас буынымыз үшін күмәнді біреулер ұсынылуда.
Таң қалуға ешбір себеп жоқ. Өйткені, еліміздің ақпарат пен мәдениет саласын Аида Балаева мен Дәурен Абаев секілді жеңілтек мансапқорлар басқаруда. Иә, бұндай “тұлғалардың” кесірінен ұлттық идеология, үгіт-насихатымыз тоқырау кебінен арылмай жүр.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.