Қару-жарақ емес, жан алғыш кінәлі
Қару-жарақ емес, жан алғыш кінәлі

Қару-жарақ емес, жан алғыш кінәлі

Views: 1

Американдық Коннектикут штатының Ньютаун қаласында орын алған сұмдық қантөгіс бүкіл әлемді дүр сілкіндірген. Бейкүнә балалар өмірлерін қиған жауыз жендеттің қылмысы адамгершілікке мүлдем жат дүние. Алайда, Адам Ланца есуастың сұмырай қылығын сылтау етіп, қару-жарақ саудасын күрт шектетуі де дұрыс емес. Өйткені, кең көлемдегі қару-жарақтың айналымы қарапайым адамдарға қылмыс әлемінен сақтану кепілдерінің бірі. Заңды түрде сатып алынған, құқық орындарында тіркелген тапанша-мылтықтар қарақшы мен ұрыларға қарсы — құдіретті тосқауыл. Сондықтан, қайғылы оқиғаны сылтауратып, қатардағы азаматтардың өзін-өзі қорғау мүмкіншіліктерін азайтуға болмайды.

Тапаншаның түрлі-түсті суреті.
www.centurynovelty.com

 

Қазақстандағы қару-жарақ саудасына түрлі шектеулер мен тыйымдар салынған. Соған қарамастан, Махмаханов ағайындары, шекарашы Владислав Челах, жандарал Қ. Қасымов сияқты қанішерлер қару-жарақ пайдаланып, кінәсіз кісілерді өлтіруде. Ал, кәдімгі қазақтар қарусыз әрі қорғансыз қалуда. Жыл сайын, жол апаттары мыңдаған отандастарымыздың өмірлерін қиюда. Жыл сайын, мыңдаған замандастарымыз арақ-наша пайдалануы себеп болған қылмыс-төбелестерде қаза табуда. Дегенмен, билікте жүрген әкімсымақтар қарапайым адамдардың автокөлік жүргізуге немесе спирттік ішімдіктерді пайдалануға айтарлықтай шек қоймайды. Өйткені, мас жүргізуші Астана-Сатанаға қауіп төндірмес. Бірақ, қаруланған азамат авторитарлық режімнің ең айбарлы қарсыластарының бірі.

Likes(0)Dislikes(0)
7 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply