Қауіпті қала

Жақында, негізінен Алматы мен Астана шаһарларында «Қауіпсіз қала»Безопасный город») бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әкімшілік, ішкі істер орындары мен мамандырылған фирмалар көпқабатты тұрғын үйлерінің аулалары мен кіреберістеріне (подъезд) бейнебақылау камераларын орнатуда. Қылмыспен күресуін сылтау етіп, билік тізгінін ұстағандар қалалық тұрғындарды тәулік бойы қадағалауға кірісуде. Ысылған қарақшы бейнекамераны сындыра алады немесе бетін бүркеп арам әрекеттерін қиналмай атқармақ. Оған қоса, камералар жай ғана жазатын аспаптар болып табылады. Күдікті біреулер олардың астында өтсе, ешбір күзетші дабыл қағып бес-алты минут ішінде келмейді. Қылмыс жасалғаннан соң, жәбірленушілерден арыз түскеннен кейін тәртіп сақшылары тиісті шараларды өткізеді.

"Ағай сені бақылап тұр!" плакаты.

Сіздердің пәтерге кім келіп-кетеді, қандай заттарыңыздарды әкеліп-әкетеді аула мен кіреберісіңіздерді тәулік бойы бақылайтын бейнекамера мүлтіксіз қадағалайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-ші бабы бойынша, әркімнің жеке өміріне қол сұғылмау тиіс. Әкімшілік пен полиция «Қауіпсіз қала» бағдарламасының бейнежазбаларын шектеусіз пайдалана береді. Британ жазушысы Джордж Оруэллдың сұмдық тоталитарлық болашақты суреттейтін «1984 жылы» романында қанаушы таптар орнатқан бейнебақылау жүйесі мынадай ұранымен жүргізіледі: «Ағай сені қадағалап тұр» («Big Brother Is Watching You»). Демек, осы романның бейшара кейіпкерлерінің өмірі күні-түні атқарылатын бейнебақылау астында өтіп тұр. «Қауіпсіз қала» қатерлі бастамасы мынадай тоталитарлық болашаққа қарай кезекті қадам деп есептеймін. Оның орнына, кіреберіс пен пәтерлерді қаптатқан сыртқа ашылатын темір есіктеріне неге тыйым салмайсыздар? Қауіпсіздік ережелері бойынша, тұрғын үйлеріндегі ағаш есіктері ішке қарай ашылуына тиіс. Өйткені, төтенше жағдайда құтқарушы, өрт сөндірушісі немесе дәрігер есікті сындырып, пәтерге лезде кіруге құқылы. Бұл — әлем тәжірибесі. Тұрғын үйлеріндегі темір есіктері мен терезедегі торлар тек қана Қазақстан, Африка немесе Ресей сияқты тұрақсыз елдерде орнатылады.

Мысалы, Нью-Йоркте де кейбір көппәтерлі үйлер бейнебақылау астында. Бірақ, олардың тұрғындарының басым көпшілігі жалға алушылар болып табылады. Сонымен, жалға берушілер өз клиенттерін қадағалайды. Нью-Йорк әкімшілігі мен полицейлері осындай жеке бейнежазбаларға еркін түрде қол сұқпай, пәтер иелерінен рұқсат сұрайды.  Ал, Астана мен Алматы қалаларының бейнебақылау жүйесі көбінесе жекеменшік пәтерлерді қадағалайды. Сіздер тіпті бейнекамералардың орнатуына рұқсат бермесеңіздер, көршілеріңіздердің келісімі жеткілікті. Яғни, сіздердің коммуналдық төлемдердің тізіміне сіздерге керек емес қызмет енгізіледі.  Демек, «Қауіпсіз қала» бағдарламасының ұйымдастырушылары үшін сіздер жекеменшік пәтердің иесі емессіздер, құқықтары шектеулі жатақхананың кәдімгі тұрғынына пара-парсыздар.

Көптеген жағдайларда бейнекамералардың жазбалары әділеттіліктің орнатуына жарамсыз боп шығады. Ресей саясаткері Борис Немцовты атып ұстағанда, Кремльдің жанындағы бірнеше бейнекамералар осы қылмысты тіркеп алды. Бірақ, тергеудің басында ресми жоқшылар өтірік айтты: «Кейбір камералар жөндеуде болған, кейбіреулер істен шықты». Тек қана, ресейлік пен халықаралық қауымдастықтың наразылығынан үрейленіп, Кремльдегілер өлтірушілерді қамауға алдыртты. «2001 жылы, Пентагонға ұшақ құлаған жоқ, зымыран атылған» деген қауесет қазіргі тарих зерттеушілеріне бейтаныс емес. АҚШ Қорғаныс департаментінің төңірегіндегі жанармай станциясы орналасқан-ды. Оның бейнекамералары Пентагонға соғылған нәрсені жазған-ды. Күні бүгінгі дейін, американдық басшылар ақиқатты көрсететін бейнежазбаларды жасыруда. Аяулы Заманбек Нұрқаділовтің үйінде де бірнеше бейнекамералар болған еді. Сіздер олардың жазбаларын көрдіңіздер ме? Сайып келгенде, бейнежазбаны да бұрмалау немесе жасыру қиын емес.

Өз басым, бейнекамералардың әлсіздігіне куә болдым. 2012 жылдың көктемінің кешінде, өзбек немесе тәжік мигрантына ұқсайтын жігіт алдымнан  зытып жүгірді. Сәлден соң, науқасты орыс қызы менен көмек сұрады: әлгі жігіт оның ұялы телефонын тартып алған екен. Өкінішке орай, ұрыны қуып жете алмадым. Бірақ, ұрының қашқаны «Қазкоммерцбанк» бөлімшесі мен «Тайфун» кафесінің камералары жазуға тиіс еді. Келесі күні, банкінің күзетшілері маған былай деді: «Камераларымыз тротуарда болған жағдайды жаза алмайды». Кафенің әкімшісі әп-әдемі жауабын дайындаған: «Бүгін ғана демалыстан оралдым, сыртқы камерамыз істемейді». Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек осы қылмысқа қатысты менің хатыма жауап қайтармады. Мінеки, бейнебақылаудың шын мәніндегі бағасы осындай екен. Сексенінші жылдардың ортасында, социалистік Қазақстанның тұсында бейнебақылауды тек қана Алматы әуежайы тәріздес стратегиялық нышандарда көрдім. Қылмыс деңгейі төмен болатын. Қазіргі таңда, бейнекамералар болмашы азық-түлік дүкені екеш азық-түлік дүкенінде де орналасқан. Қылмыс деңгейі жоғары екендігі ешкімге жасырын емес. Сондықтан, қоғамымыздың жағдайын жақсартуы үшін бейнебақылау секілді қуғын-сүргін шаралары жарамсыз. Капитализмнің әділсіз жүйесін өзгертпесеңіздер, ұйымдасқан қылмыстың түп-тамырына балта шауып алмасаңыздар заңсыз әрекеттердің себебін жоя алмайсыздар.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
17 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.