Қитұрқы жағдайларға толы байланыс

Соңғы екі-үш жыл ішінде, еліміз бойынша интернет бағалары әжептеуір арзандады. Ғаламтор жылдамдығы да едәуір өсіп кетті. Ұялы мен қалалық телефон байланысының тарифтері де мейлінше қолайлы деңгейге түсті. Жағымды өзгерістерге қарамастан, көптеген қиыншылықтар әлі күнге дейін тұтынушыларымызды алаңдатуда. Мысалы, «Теле2» қамтамасыз ететін интернет қызметі еркін ақпарат алуына түрлі шектеулер қоюда. Бірнеше саяси сайттарды оқуға тыйым салынған. «Теле2» ішінде VPN (Жеке виртуал желі) сияқты цензурасыз интернетке жол ашатын жүйелер де пайдалану мүмкін емес. Интернеттегі сіздердің әрекеттерді өңдейтін DNS (Динамикалық есім сервері) деген сыртқы құрылғыларды да өзгерту мүмкін емес. Сондықтан, сіздер тыңшылар бақыламайтын DNS серверін таңдай алмайсыздар. Бүкіл әрекеттеріңіздер «Теле2» қадағалайтын серверлер арқылы өтеді. Интернет жылдамдығы да тұрақсыз. Егер олардың сымсыз модемдерін пайдалансаңыз, жылдамдығы тәуірлеу болар. Бірақ, «Нокиа» ақылфонында (смартфон) жылдамдығы сәл төмендеп кетіп, баянсыз болмақ. «Самсунг Гэлакси» ақылфонында «Теле2» интернеті тіпті бәсеңдеп түседі. Ал, сіздердің ұялы телефонға «Теле2» тарапынан ақшаңыздарды қымқыруға арналған сандырақ жарнама СМС жіберілуі әбден мүмкін.

Қымбат телефон әңгімелері.

Еліміздің ұялы байланысы негізінен шетелдік тыңшылардың бақылауында қалып тұр. Ресейлік «Билайн», швециялық «Теле2» секілді сауда-саттық белгілер қазекеңдерді өз шеңгелінде мықтап ұстайды. Басқа мемлекеттермен байланыс та удай қымбат. Тек қана шалғайдағы аралдар мен ну тоғай ішіндегі жабайы елдерде телефон әңгімелерінің бағалары біздердің тарифтерден жоғары тұрады. Мысалы, жер көлемі мен халқының аздығымен Қазақстанға ұқсайтын Австралия мен Канадада телефон тарифтері біздерден неғұрлым төмен деңгейде қалыптасқан. Осы елдерге «Скайп» арқылы хабарлассаңыздар, әңгімеңіздердің бір минут бағасы 2.3 центтен басталады. Егер «Скайп» арқылы Қазақстанға қоңырау шалсаңыздар, әңгімеңіздерің бір минут бағасы 17.9 центтен басталады. Көрдіңіздер ме, қалай біздерді қанайды тойымсыз ірі буржуазия!

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
13 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.