Орыс халқының демографиялық жағдайы Ресейдің жанашырларын көптен бері алаңдатуда. Жалпы алғанда, осы ұлыстың саны азайып барады. Сондықтан, олар ескі әдеті бойынша көршілес елдерді құжынаған жасақтарымен қаптатып, отаршыл мақсаттарға жете алмас. Өйткені, ірі соғыс үшін орасан зор әскерді қайдан алмақ кеміп кететін Мәскеу? Соның өзінде, бүгінгі орыс армиясы оңай шағылатын жаңғақ емес екендігі айдан анық. Бірақ, Кремльдің империялық күнтізбесін озбыр генералдардың қара күші ғана түгендей алмайды. Сайып келгенде, оның тіл саясатының да отаршыл қару-жараққа айналғаның сыры осында. Украинадағы орыс тілі мәртебесін сылтау етіп, осы шығыс еуропалық мемлекетті қыспаққа алды қатыгез Ресей.
Қазақстандық үрейшіл үкімет іргелес агрессордың көңілінен шығуы үшін, қолынан келгенше еліміздегі орыс тілінің мәртебесін асқақтата жіберді. Күн сайын Қазақстандағы орыстардың саны азайып кетсе де, Ресейдің мемлекет тілі киргиз-кайсактардың басты тілі ретінде қала береді. Төл теңгеміздің бетінен Абай мен Шоқанды аластатып, орыс жазбаларын қойғыздық ұлттық валютамызға. Телеарналарымыздың ең тиімді уақытында бөтен елдің тілінде сайрайды киргиз-кайсак жүргізушілері. Ішкі рейстерге қатысты хабарландырулар орыс тілінде де айтылады әуежайларымызда. Ондай тәртіп сонау Кеңес Одағының дәуірінен келе жатып мызғымай орындалуда. Демек, еліміздің тіл саясаты Ресейдің қос тілді Башкирия мен Татария губернияларындағы жағдайдан айнымайды.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.