Қуатты ағайындар


Жирен шашты А. Чубайс – Ресейдегі ең үлкен
құбыжықтардың бірі. Тоқсаныншы жылдарда миллиондаған ресейліктер арақ пен аштықтан қырылғанда, А. Чубайс міз бақпады: «Нарық экономикасына лайықсыз отыз миллион адам қаза тапса, өкінуге себебі жоқ».
Жекешелендіру атақпен жамылған триллиондаған долларларға тең талан-таражды да осы пысықай басқарды. Ал, ленинградтық экономистсымақ энергетикаға келген соң, солтүстік көршілеріміз неше түрлі
апаттардан көз ашпады: РАО «ЕЭС»-тің штаб-пәтеріндегі өрт (1998), Чагино қосалқы станциядағы апат (2005), Саяно-Шушен ГЭС-тегі жарылыс (2009) және т.б. оқиғалар. Ресейдің …

Print Friendly, PDF & Email

Жирен шашты А. Чубайс — Ресейдегі ең үлкен құбыжықтардың бірі. Тоқсаныншы жылдарда миллиондаған ресейліктер арақ пен аштықтан қырылғанда, А. Чубайс міз бақпады: «Нарық экономикасына лайықсыз отыз миллион адам қаза тапса, өкінуге себебі жоқ». Жекешелендіру атағымен жамылған триллиондаған долларға тең талан-таражды да осы пысықай басқарды. Ал, ленинградтық экономистсымақ энергетикаға келген соң, солтүстік көршілеріміз неше түрлі апаттардан көз ашпады: РАО «ЕЭС»-тің штаб-пәтеріндегі өрт (1998), Чагино қосалқы станциясындағы апат (2005), Саяно-Шушен ГЭС-тегі жарылыс (2009) және т.б. оқиғалар. Ресейдің ең бай адамдарының бірі саналса да, А. Чубайс сыпайысынып өмір сүреді.

Азып-тозған А. Чубайстың шамасы Камбоджаға ғана жетті.
Азып-тозған А. Чубайстың шамасы Камбоджаға ғана жетті.

 

Байғұс Михаил Гамбургердің оғы Бурабайға ғана жетті.
Байғұс Михаил Гамбургердің оғы Бурабайға ғана жетті.

Қазақстанда одан айнымайтын бұқпантай энергетик әрекет етуде. Михаил Гамбургер оның құрдасы: екеуі де 1955 жылы дүниеге келді. Алматының ең бай адамдарының бірі саналса да, М. Гамбургер сырттан қарағанда тіршілік ғана етуде. Әрине, жирен шашты Чизбургер (ғапу етіңіз, Гамбургер) аймақтық энергокомпанияны басқарып, саяси мен қаржы жағынан ресейлік құрдасының тырнағына да тұрмайды. Бірақ, олар бір бағытты ұстаған пікірлес шыбын жандар емес пе?! Айтпақшы, Сицилияда жирен еркектерге секемденіп қарайды. Себебі, сицилиялықтардың пайымдауынша, Иуда деген сатқын жирен шашты болған-ды. Ресейдің патшасы Петр Бірінші де жирен шаштыларға шүбә келтіріп, оларды жоғары лауазымдардан аластатып жіберді.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
16 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.