Қазақстан жер-су байлықтарының шетелдіктерге өтуі ғажап емес. Дамыған елдер түгіл, мардымсыздау Вьетнамның өзі еліміз әуежайларының біріне иелік етуде. Ол ол ма, жемқор билік пен енжар қандастарамыз бейкүнә балаларымызды саудаға салуда. 1990-шы жылдары мыңдаған жетім қарадомалақтарымыз бөтен жұрттың сезікті өкілдеріне сатылған. Қазіргі таңда, соншама ашық түрде өзге мемлекеттердің тұрғындары қазақ өскелең ұрпағын пайдалана алмас. Дегенмен, жас қандастарымыздың шетел қолданысына түсетін басқа жолдары да қарастырылған.
2025 жылғы маусым айының ортасында, Қытай басшысы Си Цзиньпин елімізге кезекті сапар шекті. Осы саяси оқиғаға орай “Си ата, қош келдіңіз” атты мақала жарық көрді. Бұл жазбаның жан түршігерлік астары ойшыл жұртымызды қапаландыратыны сөзсіз. Ақмола қаласының әуежайында қазақ баласы бөтен саясаткермен қытай тілінде жаны қалмай амандасты. Тіпті, жергілікті генерал-губернатор қасымжомарт примаковтың өзі осы баламен қытайша сөйледі. Бұндай сұмпайы көрініс “Қазақстан пионері” жасөспірім газетіміздің 1960-шы жылдардың басындағы жарияланымдарын елестетеді. Сол кездегі Кеңес Одағының әпербақан көсемін де қазақ балалары “Никита Сергеевич атамыз” деп қошаметтей атады осы бұқаралық ақпарат құралының алдыңғы бетінде. Демек, ескі-құсқы идеологтарымыздың жиіркенішіті амалдарын қазіргі пропагандистеріміз мұқиятты түрде қайталап тұр. Абырой болғанда, қазақсымақ генерал-губернаторды да мәңгүрт балақай “Тоқаев ата” деп тілге тиек етті.
Есерсоқ Хрущёв пен озбыр Сидің арасындағы тағы бір ұқсастық баршылық. Екеуі де үлкен халықтарды көтермелеп, ұлттық азшылықтарға қысым көрсетті. Мысалы, 1955 жылдан бастап “Никита Сергеевич атамыз“-дың кесірінен Ресейдегі қазақ мектептері жабылған болатын. Өз кезегінде, “Си атамыз“-да қарап қалмады. Мына Қытай төрағасы Шығыс Түркістандағы қазақ пен ұйғыр мектептерін жауып тастады. Салыстырмалы түрде, Владимир Ильич Ленин мен Иосиф Виссарионович Сталин КСРО-ны басқарғанда, РСФСР-да көптеген қазақ мектептері жұмыс істеді. Си Цзиньпин алдында Қытайды басқарған Цзян Цзэминь мен Ху Цзиньтао тұсында да бірнеше қазақ мектептері Шыңжанда жұмыс істеді. Оған қоса, қазіргі қытайлық жетекші мыңдаған ұйғыр, қазақ саяси тұтқындарын арнайы концлагерьлерге қамап тастады. Сайып келгенде, бейкүнә балаларымызды бұндай құбыжықты “ата” деп айтқызуы — аса орынсыз, қисынсыз дүние болып табылады. Сонымен қатар, бүгінгі таңда мектептегі жасөспірімдерді тіпті туған әке-шешесінен ажыратуға ұмтылады фашистік үкіметіміз. Балаларымызды бейнебақылау, биометриямен қадағалап, мұғалім-күзетшілерге тапсырылады. Ал, “Си атамыз” сияқты соғыс қылмыскерлері емін-еркін түрде өскелең ұрпағымыздың құрметтеуіне ие болуда.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.