Қытай дипломаттарының сыпайысыз қылықтары

Шығыс көршіміздің сыртқы істер министрлігі елімізге қарай салқын қабағын танытуда. Таяуда, бірнеше мелекеттердің
азаматтарына Қытайға қысқа мерзімге визасыз кіруге рұқсат берілген. Олардың ішінде, тұрмыс-тіршілігі онша емес Румыния мен Украина да орын тапқан. Бірақ, қолы ашық қазақ туристтер үшін мынадай
жеңілдік жасалмаған. Экономикалық жағынан біздің саяхатшылар ҚХР-на тиімді болса да, саяси жағынан отандастарымыз қытайлықтар үшін сыйлы қонақтың санатына жатпайды. Айтпақшы, достас Әзірбайжан мен
Түркияның азаматтары да әлгі тізімге ілінген жоқ. Демек, Қытай дипломаттары басқа түркі тілдес мемлекеттерімен де қырғи қабақ.

Print Friendly, PDF & Email

Шығыс көршіміздің сыртқы істер министрлігі елімізге қарай салқын қабақ танытуда. Таяуда, бірнеше мемлекеттердің азаматтарына Қытайға қысқа мерзімге визасыз кіруіне рұқсат берілген. Олардың ішінде, тұрмыс-тіршілігі онша емес Румыния мен Украина да орын тапқан. Бірақ, қолы ашық қазақ туристтері үшін мынадай жеңілдік жасалмаған. Экономикалық жағынан біздің саяхатшылар ҚХР-на тиімді болса да, саяси жағынан отандастарымыз қытайлықтар үшін сыйлы қонақтың санатына жатпайды. Айтпақшы, достас Әзірбайжан мен Түркияның азаматтары да әлгі тізімге ілінген жоқ. Демек, Қытай дипломаттары басқа түркі тілдес мемлекеттермен де қырғи қабақ.

 

Алматы қаласындағы Қытай консулдығы.

 

Тағы бір нақты мысалды келтіруге тура келеді. Алматы қаласындағы Қытай консулдығы қазақ тілін менсінбей, ресми атауын тек қана орыс пен қытай тілдеріндегі жазулармен белгіледі. Қытайдағы біздің дипломаттарымыз өз ресми атауларын ылғи қытай тілінде де белгілейді. Неге қытай дипломаттар өз кезегінде Абай мен Мағжанның тіліне құрмет білдірмейді? Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі де қытайлықтарға биязы түрде болса да, өз талаптарын күшейтуге тиіс. Шығыс келімсектер Қазақстан бас тілінің беделін мойындауға міндетті. Мемлекеттік тілімізді мойындамағаны — елімізді мойындамағанмен пара-пар болып табылады.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
14 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.