Жырақта жан сауғалаған Мұхтар Әблязов пен Рахат Әлиев бірнеше жылдар бойы еуропалық әділет жүйесін паналап жүрді. Оларға қарсы іс жүргізілсе де, қазақ жоқшыларының талаптары қанағаттандырылмады. Батыс елдерге сондай ауқатты қонақтарды күтуі тиімді боп көрінді. Соңғы айларда жағдайы сәл өзгерген. Лондон мен Вена Астанаға құлақ асып, әлгі босқындарды қысымға ала бастады. Әрине, жырынды шетелдіктер біздердің тергеушілер ізденістерін толығымен мақұлдамады. Соның өзінде де, Әблязов Францияға қашуға мәжбүрленген, Әлиев Мальтада тығылып тұр.
Менің пікірімше, іскерлі қазы-билердің мынадай қадамдарының сыры қазіргі геосаяси ахуалда жатыр. Иранның мұнай мен газ шикізаты еуропалық нарықтан аластатылған. Ресейлік шикізатқа тәуелділік те кәрі құрлықтың жетекшілерін алаңдатуда. Демек, Қазақстаннан келетін шикізатқа талағампаздық жасауы — қисынсыз. Сондықтан, адам құқығы тәріздес сандыраққа «әділет»-пен шұғылданатын пысықайлар пысқырмайды да. Бірақ, Әблязов пен Әлиев сияқты құнды тұтқынсымақтардан одан әрі пайданы өндіру үшін, оларды Қазақстанға қайтарғаны орынсыз екені айдан анық.


Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ
Subscribe to get the latest posts sent to your email.