Ұшақтың апаты халқымызды біріктірер ме?

Иә, жан түршіктіретін қайғылы оқиғадан соң саяси мен іскерлік қайшылықтарын біраз ұмытып, егемендігімізді одан әрі
бірлесіп нығайтуға тиіспіз. Себебі, Шымкент өңірінде қаза тапқан шекарашылар атамекенімізді қорғайтын алдыңғы шептегі сарбаздар болған еді. Ұлттық аза тұту жарияланғаны дұрыс шешім еді, бірақ
Қарағанды шахталарында мерт болған көптеген кеншілер, Қызылағаш аулында сел астында көзін жұмған ондаған диқандар немесе Жаңаөзенде полицай оғынан о дүниеге аттанған бір топ боздақтар үшін ұлттық аза
тұту неге жарияланбады? Әлде кәдімгі адамдарын қара сүйек санатына енгізіліп, қауіпсіздік комитет қызметкерлері ақ сүйек санала ма? Әрине, осындай …

Print Friendly, PDF & Email

Иә, жан түршіктіретін қайғылы оқиғадан соң саяси мен іскерлік қайшылықтарды біраз ұмытып, егемендігімізді одан әрі бірлесіп нығайтуға тиіспіз. Себебі, Шымкент өңірінде қаза тапқан шекарашылар атамекенімізді қорғайтын алдыңғы шептегі сарбаздар болған еді. Ұлттық аза тұтуы жарияланғаны дұрыс шешім еді, бірақ Қарағанды шахталарында мерт болған көптеген кеншілер, Қызылағаш аулында сел астында көз жұмған ондаған диқандар немесе Жаңаөзенде полицай оғынан о дүниеге аттанған бір топ боздақтар үшін ұлттық аза тұтуы неге жарияланбады? Әлде кәдімгі адамдарды қара сүйек санатына енгізіліп, қауіпсіздік комитет қызметкерлері ақ сүйек санала ма? Әрине, осындай әділетсіздік қоғамдық келісімімізге жік салуда.

Өрттенген үйдің көрінісі.

 

Әлем тарихында біздердің АН-72 ұшақ апаты секілді қасіретті оқиғалар жоқ емес. Мысалы, 1994 жылдың маусым айында Солтүстік Ирландиядан қайтар жолында Ұлыбританияның «Чинук» әскери тікұшағы Шотландияда апатқа ұшырады. Төрт ұшқыштар мен жиырма бес терроризм бойынша мамандар қаза тапты. Британ терроризмге қарсы тиісті мекемелеріне жойқын соққы берілген.

Тағы бір айта кетерлік жәйт, соңғы он бес жыл ішінде бұрынғы Кеңес Одағында бірнеше беделді сардарлар мен саясаткерлер өлтірілген. Отансүйгіш әскери генерал Лев Рохлинді өз саяжайында арнайы қызметтер атып тастады. Чекисттік мафия тікұшақ апаты арқылы Ресей президенттігіне үміткерлерінің бірі әскери генерал Александр Лебедьтің көзін жойды. Ақ көңіл, демократияшыл губернатор Михаил Евдокимов те қолдан жасалған автокөлік апатында мерт болды. Енді, міне, адал әрі білікті шекарашылар басшысы Тұрғанбек Стамбековтың да кезегі жетті…

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
8 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.