Әбдіжәміл атамыз Нобель сыйлығына лайықты тұлға
Әбдіжәміл атамыз Нобель сыйлығына лайықты тұлға

Әбдіжәміл атамыз Нобель сыйлығына лайықты тұлға

Views: 38

Жалпыұлттық маңыздылығы бар жағдайларда, тоғышар келіспеушіліктеріне мән бермей барша халқымыздың күш-қабілетін жұмылдырғаны жөн. Фәни қайшылықтарды ұмытып, халықаралық деңгейге ұмтылу керек. Қазақта не көп, әдебиет пен өнер туындылары көп. Бірақ,  әлі де төл мәдениетімізді күллі әлемге тиісті дәрежеде таныта алмадық.  Суретші мен жазушыларымыз жаһандық сыйлықтарға кенделеу боп көрінеді.

Жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов пен оның тұқымы.

Биыл, Екінші әлем соғысының аяқталуына жетпіс жыл толады. Көркем әдебиетіміздің классигі, ардагер жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов атамыздың жасы тоқсаннан асты. Осындай мерейтой белестеріне орай, батыр атамыз Қазақстан мен Орта Азия елдерінде арасында тұңғыш Нобель сыйлығын алса — төрт құбыламыз түгел болар еді. Әрине, оның орасан зор әдеби еңбегі ғана осындай жоғары сыйлықты иеленуге жеткіліксіз. Иманғали Тасмағамбетов, Болат Назарбаев, Болат Өтемұратов, Тимур Құлыбаев пен Нұрлан Балғынбаев секілді белді қандастарымыз бірігіп қимылдаса, бәлкім Әбдіжәміл Керімұлы әдебиет бойынша Нобель сыйлығының дәрежесіне жетпек. Әйтпесе, әзіз ақсақалымыз Нобель сыйлығына қатысты күрделі геосаяси өзгешеліктерден өте алмайды. Есіңіздерде шығар, Шыңғыс Айтматов тәріздес ғажайып дарын иесі де мықты қолдаушыларының болмағандықтан Нобель сыйлығын иеленбей, арманда кетті.

Likes(0)Dislikes(0)
38 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply