Әскер сапындағы сатқындар
Әскер сапындағы сатқындар

Әскер сапындағы сатқындар

Views: 46

2025 жылғы 26 наурызда, Қазақстан халқы ассамблеясының 30-жылдық мерейтойына орай “MMT Tunc Group Kazakhstan” компаниясының қолдауымен “Халық бірлігі — мәлімді ел” атты ғылыми-практикалық конференция Алматы қаласында өтті. Алайда, осы жиынның бейбіт мақсаттары мен олардың іс жүзіндегі орындалуының арасындағы айырмашылық — жер мен көктей.

Генерал Айтқали Есенқұлов баяндама жасауда.

Әлгі конференцияда орысша сөз сөйлеген Қазақстан қарулы күштерінің генерал-майоры Айтқали Есенқұлов орысқұл пікірлерін ортаға салды. Ресейде туған мәңгүрт қолбасшы қазақтарды қаралаудан жалықпады. Мысалы, оның айтуынша, халқымыз баяғыдан бері егіншілікке жарамсыз болды. Бірақ, Шоқан Уәлиханов шығармалары мен Ермұқан Бекмахановтың “Казахстан в 20-40 годы ХІХ века” зерттеуінде ата-бабаларымыздың егіншілікпен айналысқаны туралы жазылған. Айтпақшы, Ресейде туған қазақсымақ заңгер Нағашыбай Шәйкенов осы сатқын генералдай ұлтымызды кемсітті. Марқұм юрист телесұхбаттарының бірінде: “Қазақтардың құрылысқа икемділігі жоқ” деп айта салды. Дарынды сәулетшілеріміз Төлеу Бәсенов, Малбағар Меңдіқұлов немесе Қалдыбай Монтахаевты елемеді заңгерсымақ. Көрдіңіздер ме, бұндай рақметі жоқ келімсектер Қазақ елінен өз пайдасына миллиондаған доллар өндірсе де, Ресей сияқты озбыр тарихи отанын қолпаштаудан жаңылмайды. Есенқұлов жолдас көптеген жылдар бойы Шығыс Германия мен Беларусьте Кремль үшін адал қызмет етті. Тек қана, қомақты зейнетақы мен өзге жеңілдіктерді алу үшін өзінің қазақ аты-жөнін қолданып, ақыр соңында Қазақстанға ат басын бұрды. Әйтпесе, мәңгүрт Айтқали өзінің татар мен ебрей ата-бабаларын жасырмай, оларды мақтан тұтады. Әрине, Украинаға шабуылдаған орыс әскерлеріне қарсы бір ауыз сөз қатпайды Есенқұлов жолдас.

Ауған соғысының ұйғыр-дүнген-қазақ ардагері Таир Долаш (Юсупов).

Аға буынның сатқындарының пасық дәстүрлерін жалғастыратын кейіпкерлер де баршылық. 1962 жылғы 29 көкекте Алматы қаласында туған Ауған соғысының ұйғыр-дүнген-қазақ ардагері Таир Долаш қазіргі таңда Норвегияда өмір сүреді. Мәскеудің бұйрығы бойынша бейбіт ауған тұрғындарын қырып-жойғаннан кейін, Таир мемлекеттік автоинспекцияға орналасты. Тіпті, 1980-шы жылдардың соңында ол КСРО халық депутаттарының сайлауына үміткер ретінде қатысты. МАИ-дің жемқорлық табысына белшесінен батқан соң, сарт кейіпкеріміз жеке кәсіпкерлікке кірісті. Сонымен, ол 2000-шы жылдардың басында отбасының әл-ауқатын одан әрі жетілдіру үшін бай Норвегияға көшуге бел буған. Алайда, қырсық шалғанда, шетелге қоныс аудару алдында жылпос мент автокөлігін айдағанда бір жаяу кісіні қағып, оны өлтіреді. Әлбетте, бұндай қылмысты жасағандар үшін шетелге жол жабылады. Пысықай Таир өзінің “Юсупов” бастапқы тегін “Долаш“-қа ауыстырып, шекара бақылауынан сытылып шығады.

НАТО қорғаныс одағының ауқатты мүшесі Норвегияның көл-көсір пайдасын көрсе де, рақметі жоқ Таир баяғыдай орысқұл пиғылдарын ұстануда. Қазақстанда туып, өссе де юсупов-долаш бірінші кезекте — орысшыл соғыс ардагері. Содан кейін, ол — ұйғыр сепаратизмінің жақтаушысы. Бірақ, сайып келгенде, өз табысының қазақ пен норвег тіректеріне саңғып тұр екіжүзді қашқын ардагер.    

Likes(0)Dislikes(0)
9 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.