Өзеке Жекебаев: “Бұл өзі өте ауыр шаруалардың бірі”

Заң ғылымдарының докторы, Ұлы жұттың куәгері Өзеке Сүйкінбайұлы Жекебаев (1927-2019) ашаршылық пен партократ Левон Мирзоян туралы пікірлерін ортаға салады. 2018 жылдың 9 шілдесінде орын алған әңгімеміздің үзіндісін ұсынып отырмын.


Өте ауыр мәселелердің бірі ғой. Ұқтыңыз ба?

Иә, иә. Тыңдап тұрмын. 

Бұл өзі өте ауыр шаруалардың бірі. Оны жәй-әшейін телефонмен айтуға болмайды. Артында саясат жатыр. Ұқтыңыз ба? Орыстың саясаты бар, қазақтың саясаты бар жатқан. Оны білмеймін. Сен нені тыңдағың келеді? Қайдан білейін… Ол, енді өте қиын мәселе. Оған қолма-қол, енді, саған “мынандай” деп жауап бере салудың өзі қиын. Біз бала кезіміз ғой. Кішкентай, кішкентай кезіміз. Енді, ашаршылық болды дедік. Біз Россияға кетіп қалдық. Бийскіге деген жерге қарай кеттік. Ұқтыңыз ба? Енді, сол кездердегі менің… Ал, енді, ол жақта аштық жоқ. Тамақтары, бәрі бар, енді. Бірақ, енді, жұмыстары ауырлау болды. Сол жұмысына істей алмады ғой деймін, ауырлау болғаны, жаңа… Зерносовхозда істеп жүріп, менің әкем қайтыс боп кетті. Енді, ол кездегі алты жаспын, менің хабарым шамалау. Мен, енді, анандай болды, мынандай болды. Только, вот, через пятьдесят лет я узнал жағдайлардың бәрін. Ұқтың ба? Бірақ, енді, Россияға Қазақстаннан көп барды. Новосибирскіде болды… Қазақтар көп болды сол кезде.

Сондықтан, сіз, анау, осы Левон Исаевичті Мирзоянды онша жақтырмайсыз? Ол, сіздің пікіріңізше, жаман кісі болды? 

Аса жақсылық, елге жақсылық жасаған жоқ ол. Но кое-что он делал, но он не… талай, жаңағы, репрессия бар ғой? Репрессияға қатынасқан адам. И потом самого его арестовали. Ол, Левон қазақтың жаңағы жігіттерін, көрсеткен азаматтарын ішінде ең бірінші – сол Левон. Содан кейін, барлығын ұстап, кейін өзін-өзі ұстады ғой. Ол, вот какая вещь… Оны мақтағанымен оныкі жайы жоқ. Он тоже кавказецтердің біреуі. Ол сондай… Бұл үлкен мәселе. Ұқтың ба? Үлкен мәселе. Оны, енді, конечно, қозғау керек. Но, бірақ, енді, ол үшін үлкен дайындық керек.


Қазақ мемлекеттік Заң университетінде маған криминология сабақтарын берген Өзекең күні бүгінгі дейін Мәскеудің алдындағы үрей-қорқынышынан арылмай жүр. Профессор мырза Кремль жақтырмайтын қазақ ашаршылығы тақырыбын тіпті қазақ тілінде қозғауға онша құштар емес екендігі көрініп тұр.

Армян кейіпкері туралы қызық дерек. Левон Мирзоянға сүйсініп, оны “Мырзажан” деп атады даңқты ақынымыз Жамбыл Жабаев. Тарихи ғылымдардың кандидаты, доцент Қажетден Баймендин (1912-1999) маған осы ақпаратты кезінде айтып үлгерді.

Likes(0)Dislikes(0)
Print Friendly, PDF & Email
16 views

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.

%d bloggers like this: