Өнер жинақтарының қиын тағдыры
Өнер жинақтарының қиын тағдыры

Өнер жинақтарының қиын тағдыры

Views: 10

Ертіс өңірінің аты аңызға айналған тұрғыны, еліміздің атақты музыкатанушысы әрі филологы Нахман Гершевич Шафердің (1931-2022) күйтабақ, ноталар мен кітаптардың орасан зор жинағы Қазақстанның мәдени байлығына айналды. Алайда, осы майталман зерттеуші қайтыс болған соң оның асыл мұрасының келешегі көмескілеу көрініп тұр.

Сазгер Нахман Шафер, оң жақта, және журналист Данияр Наурыз, 2016 жылы.

Өз басым, 2016 жылы Накеңмен бір рет ғана кездессем де, содан бері осы кісімен талай телефон әңгімелерін өткіздім. Кейде дауласып, келіспей қалатынбыз. Мысалы, ардақты қария жазғыш Михаил Булгаковтың шығармаларын пір тұтса, мен осы сатанист қаламгерді жақтырмайтынмын. Дегенмен, көптеген жағдайларда біздің пікірлер үндестікті тапты. Атап айтқанда, сазгер Арам Хачатуряннің “Гаянэ” балетін мен де, аяулы ардагер де осы өнерпаз жасампаздығының ең маңызды жетістігі ретінде мойындадық. Алайда, қазіргі таңда Шафердің ғажайып жинағына вахтёр іспеттес мұражай “мамандары” иелік етуде. Жалпы алғанда, осы коллекция бөлшектеніп, быт-шыт болды. Оның мыңдаған кітап-журналдары пәленбай мұрағатқа өткізілген. Демек, Шафердің көзі тірісінде бірыңғай жинақ боп қордаланған фонотека мен кітапхана енді ақсақалдың соңғы ниеті бойынша ажыратылған. Өкінішке орай, рухани мұрагерін тәрбиелемеген Накең осы мәдени байлықты енжар мемлекеттің еншісіне қалдырды. Жақында, Шафердің мұражай-үйінің қызметкерлерінен “Весна” көркем фильміндегі сыған романсының негізінде жазылған сазгер Исаак Дунаевскийдің “Тихо, всё тихо” әнінің ноталарын сұрасам, құр алақан қайттым. Әрине, құрметті қария тірі болса, бұл сұрақ бойынша маған көмектесер еді.

Ең бастысы, икемсіздеу әрі білімі таяз мұражай қызметкерлері тиісті ғылыми еңбекті атқармай, 22 000  астам күйтабақтардың құндылықтарын негізінен жасырып тұр. Мысалы, ірі сазгеріміз Мұқан Төлебаевтың “Біржан-Сара” операсының 1947 жылғы дыбыс жазбасы күні бүгінгі дейін толығымен цифрланған түрде өнер сүйер жұртшылығына ұсынылған жоқ. Оның қысқартылған нұсқасы “Асыл мұра” жобасының шеңберінде шектелген таралымымен ғана жарық көрді. Егер мұражай қызметкерлері шын мәнінде зерттеу жұмысына берілген өнер жанкүйерлері болса, онда олар әлгі операның күйтабағын жоғары сапамен цифрландырып, меломандарға ғаламтор арқылы тегін ұсынар еді. Тіпті, есерсоқ автор құқықтарының заң талаптары бұзылмас еді. Өйткені, әлгі дыбыс жазбасы жетпіс жылдан астам бұрын уақытта жасалған.

Нахман Гершевич жинағының тағдыры көңілдегідей болмаса, алматылық пушкинист Нысанбай Ізбайұлы Ізбаевтің (1941-2004) керемет жеке кітапханасы тіпті рухани қасіретке ұшырады. Николай Ивановичтің балалары білімпаз әкесіне лайықты болмай, оның өмір бойы жиған коллекциясын негізінен саудаға салды. Өз басым, осы ізденімпаз Кіші жүз тумасының иелігінде болған бірнеше кітаптарын букинист дүкендерінде сатып алдым.

Likes(0)Dislikes(0)
9 views

Discover more from TriLingua Daniyar NAURYZ

Subscribe to get the latest posts sent to your email.

Leave a Reply

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.